САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ВОЛОНТЕРЛІК ТУРАЛЫ
Алдымен «волонтер» және «волонтерлік» ұғымдарын анықтау
қажет.
ВОЛОНТЕР
- ерікті түрде, өз ниеттерін негізге ала отырып,
қоғам игілігі үшін жұмысқа қатысатын адам.
ВОЛОНТЕРЛІК
– басқа адамдардың игілігі үшін ақы төленбей
-
тін, саналы, ерікті қызмет.
Осы қарапайым анықтамаларда терең мағына бар және жеке
алынған ұйымда немесе ұлттық деңгейде волонтерлікті дамыту
-
дың жетістігі оларды түсінуге тікелей байланысты.
Ақы төленбейтін қызмет – яғни волонтер жұмсалған күш-жігері үшін
материалдық өтем алуды көздемейді. Бірақ, әр волонтер өз қызметінің
нәтижесін күтеді - өзін-өзі таныту, орындалған жұмыспен қанағаттану, оқу,
даму және т.б.
Саналы - яғни волонтер қандай жұмысқа алынатынын, не істегісі келетінін және оның тырысуының мақсаты
қандай екенін түсінуі тиіс.
Ерікті – яғни кез келген санкциялардың ашық немесе жасырын қаупімен «волонтерлердің» қатысуын талап
ететін қандай да бір іс-шаралар (есепке алмау, басшылықпен байланысты проблемалар, аударымдар, мансаптық
өсудегі зияндар және т.б.) шын мәнінде волонтерлік болып табылмайды.
Басқа адамдардың игілігі үшін – яғни волонтерлер қызметінің нәтижесінде басқа адамдардың өмірі мен денсау
-
лығының сапасында, қоршаған ортада, мәдениет немесе қауіпсіздік деңгейінде оң өзгерістер болады.
Егер осы сипаттардың кез келгені жоғалған болса, біз бұны волонтерлік деп атай алмаймыз, оны басқаша ата
-
уымыз керек.
«ВОЛОНТЕРЛІК» ҰҒЫМЫ
Қызықтысы, бастапқыда «волонтер» термині
әскери сипатқа ие болды, соғыс іс-қимылдары
кезінде әскерге қосылған еріктілерді солай ата
-
ды. 19-ғасырдың екінші жартысында ғана өзін
соғыс іс-қимылдарының қатысушылары мен құр
-
бандарына – жараланған, қиын жағдайда қалған,
жетім қалған адамдарға риясыз көмек көрсетуге
арнаған ерікті ұйымдар пайда болды. Он тоғы
-
зыншы ғасырда АҚШ-та көбінесе мұқтаждар
үшін жәрдем жинаған қайырымдылық ұйымдары
болды. Бірақ ғасырдың ортасында ерікті топтар
пайда бола бастады, олар сарбаздарға арналған
киімдер тігіп, жараланғандарға, соғыста асыра
-
ушысынан айырылған отбасыларға көмек көр
-
сетті. 1881 жылы Сара Бартон Американдық қы
-
зыл крест ұйымдастырды. XX ғасырдың басында
«волонтер» сөзі көбінесе мұқтаждарға риясыз
көмек көрсетумен байланысты болды. Ұлы де
-
прессия кезеңі халықтың түрлі проблемаларын
шешуге бағытталған волонтерлік қызметті кең
көлемде, ел ауқымында үйлестірудің алғашқы
күш-жігерін туғызды. Екінші дүниежүзілік соғыс
сарбаздардың отбасыларына көмек көрсететін,
жараланғандарды күтетін, демалушылардың бос
уақытын ұйымдастыратын, әскер үшін киім жи
-
найтын көптеген волонтерлік ұйымдардың пайда
болуына алып келді.
Біртіндеп волонтерлік қызмет өз шегін кеңейт
-
ті, волонтерлік қызметтің спектрі қазіргі уақытта
қоғам өмірінің барлық қырларын қамтиды. Волон
-
терлер түрлі мұражайларға келушілер үшін (жер
-
гілікті шағын мұражайлардан бастап Лувр сияқты
ірі мұражайларға дейін), туристер үшін (интер
-
нетте Лондон немесе Санкт-Петербург бойынша
гид-волонтерлерді табуға болады) экскурсиялар
Достарыңызбен бөлісу: |