7
BIRGEMIZ ASYL MURA
өткізеді, хайуанаттар
бақтарында жануарларды
тамақтандырады (көптеген жануарларды күту
үшін волонтерлер бекітілген, олар оларды та
-
мақтандыру және тазалау үшін өздеріне ыңғайлы
кесте бойынша келіп отырады). Қоршаған ортаны
қорғауға байланысты волонтерлік қызмет ерекше
атап өтуге лайық – оған экологиялық сенбіліктер,
қоқыстарды сұрыптау, қыста жануарларды қорек
-
тендіру және ерікті
қызметтің басқа да көптеген
түрлері кіреді.
Аталған бағыттардың көбісі Қазақстанда да
дамып келеді, мұнда волонтерлік қызмет 90-шы
жылдардың ортасынан бастап, үкіметтік емес
(коммерциялық емес) ұйымдардың пайда болуы
мен дамуынан басталды.
Халықаралық волон
-
терлер жылы деп жарияланған 2001 жылы Қа
-
зақстанда волонтерлік ұйымдар немесе волон
-
терлерді өз миссияларын іске асыруға тартатын
ұйымдар болды.
Басқа адамдарға
ерікті көмек көрсету идея
-
сының өзі - Қазақстан тарихы мен ұлттық мәде
-
ниетінің бір бөлігі. Қазақ халқының өзара көмек
көрсету дәстүрі (асар) де, өрттен зардап шек
-
кендерге немесе тұрмысы төмен адамдарға киім
жинау да, туысы болып табылмайтын, әлсіз көр
-
шілеріне өз еркімен күтім жасау да – осы негізде
волонтерлік табиғи түрде құрылып, ел
мәдени
-
етінің бір бөлігіне айналады. Қазір волонтерлік
көбінесе қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен
(ҮЕҰ) ассоциацияланады,
алайда Қазақстанда
хоспистерге, ауруханаларға, полицияларға, ба
-
лалар үйлеріне қандай да бір ресми ұйымдарға
қатысусыз көмектесетін
көптеген волонтерлер
бар. Олар бұны жүрек қалауы бойынша, діни
нанымдарына сәйкес, әртүрлі себептермен жа
-
сайды. ең бастысы – оларды риясыз пайда тигізу
ниеті біріктіреді.
Әр жастағы
адамдар қоғамдық пайдалы жұ
-
мысқа тартылған және әр адам кез келген уақыт
-
та, кез келген ұйымға көмектесе алады. Волон
-
терлер әрқашан қажет!!!