САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
КІРІСПЕ
Волонтерлік қызмет – әлеуметтік бағытталған ерікті,
еркін ерік білдіру бойынша орындалатын, жеке және
(немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде өтеусіз не
-
гізде жүзеге асырылатын қоғамдық пайдалы қызмет.
Тарихи термин соғыс қимылдары кезінде қалыпта
-
сты, алайда әр елде, мәдениетте басқа адамдарға,
мысалы Қазақстандағы «асар» сияқты ерікті көмек
-
тің құндылығы бар. Волонтерлік қызмет әртүрлі ме
-
кемелер мен халық топтарына көмек көрсете оты
-
рып, қоғамдық ұйымдар немесе бастамашыл топтар
арқылы біртіндеп қоғам өмірінің барлық жақтарын
қамти бастады.
Түсінік пен тәжірибенің жеткіліксіздігінен Қазақстан
үшін волонтерлік әлі толық қалыптасқан жоқ, сон
-
дықтан волонтерлікті дамытуда қиындықтар мен ке
-
дергілер туындайды. Атап айтқанда, бұл волонтерлік
ұйымдар мен волонтерлердің қызметі туралы ақпа
-
раттың жеткіліксіздігіне, волонтерлік қызметті қолдау
инфрақұрылымының дамымағандығына, волонтер
-
лікті дамыту мәселелері бойынша сектораралық және
ведомствоаралық өзара әрекеттестіктің әлсіздігіне,
сондай-ақ волонтерлік жобаларды ұйымдастыруда
білімнің, тәжірибенің және жүйеліліктің жеткіліксіздігі
-
не байланысты.
Осылайша, волонтерлік қызметке қатысуға ықти
-
мал даярлығы туралы мәлімдеген азаматтар саны
мен оны нақты жүзеге асыратын азаматтар саны ара
-
сындағы айырмашылық едәуір болып қалып отыр.
2000-шы жылдардан бастап түрлі қоғамдық ұй
-
ымдар волонтерлікті дамыту бойынша күштерін бірік
-
тіруге тырысты. Қазақстанда волонтерліктің рөлін
арттыруға, волонтерлік инновациялық тәжірибелерді
қалыптастыру мен таратуға 2010 жылы құрылған
Ұлттық волонтерлік желі (ҰВЖ) айтарлықтай үлес
қосты. ҰВЖ-ның миссиясы азаматтар, азаматтық
қоғам институттары, бизнес секторы мен мемлекеттік
құрылымдар арасында волонтерлік мәдениетті, во
-
лонтерлік бастамаларды және волонтерлік қызметті
қалыптастыру, қолдау және дамыту болып табылады.
2017 жылы «Волонтерлік қызмет туралы» заңның қа
-
былдануы жетістіктердің бірі болды, онда волонтерлік
қызметтің құқықтық негіздері, мақсаттары мен міндет
-
тері, қағидалары, нысандары мен түрлері, сондай-ақ
қолдау шаралары белгіленді. Сөйтіп, Қазақстанда во
-
лонтерлік қызметті жүйелі дамыту үшін негізін қалай
отырып, 2020 жыл Волонтерлер жылы болып бел
-
гіленді.
Ең алдымен, волонтерлікті дамыту үшін жеті басым
бағыт анықталды: BIRGEMIZASYL MURA, BIRGEMIZ
BILIM, BIRGEMIZ SABAQTASTYQ, BIRGEMIZ
SAỲLYQ, BIRGEMIZ TAZA ᾺLEM, BIRGEMIZ QAMQOR,
BIRGEMIZ ÚMIT. Осы бағыттардың әрқайсысы бой
-
ынша Салалық волонтерлікті дамыту бойынша нұсқа
-
улық, сондай-ақ Волонтерлік қызметті дамыту және
Волонтер жылын өткізу бойынша нұсқаулық әзірлен
-
ді.
Салалық волонтерлікті дамыту бойынша нұсқаулық
үш бөлімнен тұрады:
1)
жеті нұсқаулықтың әрқайсысында қайталана
-
тын жалпы тәжірибелер сипатталған бөлім;
2)
ерекшелігіне байланысты өзгешеленетін жеті
бағыттардың бірі бойынша волонтерлікті дамыту
жөніндегі бөлім; және
3)
осы салада волотер болғысы келетін
адамдарға арналған бөлім.
Достарыңызбен бөлісу: |