Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет148/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150
Байланысты:
munai

Қайтымды процестер
– жүйе күйінің өзгеруін сипаттайтын 
термодинамикалық процестері аяқталғаннан кейін жүйе алғашқы 
күйіне қоршаған ортаның күйін өзгертпей, қайтып келуі мүмкін 
екенін көрсетеді.
Қайтымсыз процестер
– термодинамикалық процестер; олар 
аяқталғаннан кейін жүйе алғашқы күйіне қоршаған ортаның күйін
өзгертпей қайтып келуі мүмкін еместігін көрсетеді.
Күйе
– көмірсутектер толық жанбағанда немесе термиялық 
ыдырауға ұшырағанда түзілетін меншікті беттік көлемі 10-300 м
2
/г 
аралығында болатын, сфералық қара түсті бөлшектерден тұратын, 


311
дисперсті көміртекті өнім; техникалық көміртек күйінде активті 
толтырғыш жəне шина, лак-бояу, баспа, т.б. өндірістерде қара пигмент 
ретінде қолданылады. 
Крекинг 
– термиялық əдістерді (кокстеу) немесе катализаторды 
қолдану арқылы (каталитикалық крекинг, гидрокрекинг) көміртек-
көміртекті байланыстардың үзілуі.
Октанайзинг
– риформинг процесін модернизациялау бағыты, 
бұл процесс реакциялық бөлімді ауыстыра отырып, катализаторды 
үздіксіз регенерациялауға мүмкіншілік беретін жаңа жүйеге ауысуға 
жағдай жасайды.
Релаксация 
– сыртқы əсерден туған жүйенің тепе-теңдіксіз күйден 
термодинамикалық тепе-теңдік күйге өту процесі.
Риформинг 
– ашық түсті мұнай өнімдерінен жоғары октанды бен-
зиндер, ароматикалық көмірсутектер алу процесі
Скруббер 
– ыстық газдарды ылғалдан тазалауға жəне сұйықтық 
көмегімен салқындатуға арналған аспап.
Үздіксіз процестер
– параметрлері бірқалыпты өзгеретін немесе 
тұрақты процестер.
Үздіксіз өңдеу
– процесті тоқтатпай өнім алынатын, технология-
лық əдіс. 
Шикізат 
– берілген технологияда жұмыс заты болып келетін 
технологиялық процестің материалдық балансының құрылым 
элементі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет