5
ішінде 1500 мұнай жəне 400-ден астам газ кен орындары біздің елде
ашылған.
Республикадағы үлкен мұнай қоры
мен техникалық-экономикалық
көрсеткіштері мұнайды өндірудің көлемін күрт өсіруге мүмкіншілік
береді.
Қазіргі уақытта Қазақстан жылына 50 млн. тонна мұнай өндіреді.
Мұнай өнімдерін қазіргі уақытта сан алуан мақсаттар үшін пай-
даланады Мұнайды ішкі қолдану 20-25 млн. тоннаны құрайды.
ҚР Сараптау агенттігінің мəліметі бойынша ТМД елдерінің мұнай
өндірушілерінің ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орында тұр,
ал 90 мемлекет кіретін əлемдік бірлестіктің алғашқы 30-ына кіреді.
Қазақстанда мұнай өңдеу 1945 жылы алғашқы рет басталды. Қазіргі
уақытта республикада үш мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді.
Бұл зауыттарда дайын мұнай өнімдері алынады. Оларға: Атырау,
Шымкент, Павлодар
мұнай өңдеу зауыттары жатады, олардың жалпы
қуаты жылына 19,4 млн. тоннаны құрайды.
Мұнайдан отын алумен қатар, қазіргі кезде мұнайды көптеген
тұрмыстық заттар алуда бастапқы зат ретінде қолданады.
Онымен
өндірістің арнаулы саласы мұнай-химия өнеркəсібі айналысады.
Химиялық өнеркəсіпте мұнайды дұрыс қолдану арқылы көптеген
заттарды мұнайдан жетілдірілген процестер арқылы бөле отырып,
алынған заттарды фармацевтика, бояу,
машинажасау, авиация, жеңіл
өнеркəсіп жəне т.б. бірқатар салаларда пайдаланылады.