Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет8/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   150
Байланысты:
munai

1.7. Басқа елдердегі алғашқы мұнай 
туралы деректер
Мұнайдың өзіндік мол тарихы бар, ол 1539 жылы тұңғыш рет 
Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне 
кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай та-
сы малының алғашқы легі, бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк 
екен. Ол кезде, дəрігерлер оны, тек артрит ауруын емдеуге ғана 
пайдаланатын болған.
Ерте заманғы Египетте, Римде, Тигр жəне Евфрат өзендерінің 
аралығында, оларды жол құрылысында, науа жасауда жəне басқа 
да мақсаттарда көп қолданған. Сондай-ақ оларды Вавилонда жəне 
Византияда оталдырғыш қоспа есебінде пайдаланған. 
Мұнайды жағар-жарық жəне емдік заттар ретінде қолданғандығы 
жəне Қосөзен (Месопатамия), Қытай, т.б. Шығыс елдерінде өнді-
рілгендігі жөніндегі деректер Вавилон қолжазбаларында, санскрит 
сына жазуларында сақталған. 
Апшерон түбегінің (Əзірбайжан) мұнайы 2000 жылдай уақыттан 
бері белгілі. Мұнай мың жылдан артық уақыт адамзатқа тек жарық 
жəне ем ретінде керек болды. Сүзек ауруын, қотырды жəне түйелердің 
қышыма ауруларын емдеуге қолданылды. 
Жер астынан шығатын мұнай газдары көп уақыт сөнбей жанып тұ-
ратын болғандықтан, оны Кавказдың, Иранның, тағы басқа жерлердің 
тұрғындары отқа шоқыну ретінде қолданғаны деректерден белгілі.
XVIII ғасырдың соңынан бастап мұнай өңдеудің өнімі – керосинді, 
үйлерді жəне көшені жарықтандыруда пайдалана бастады. 
Ал XIX ғасырдан бастап, іштен жану қозғалтқыштарын ойлап 
табумен байланысты, мұнай өнімдері əртүрлі жол көліктерінің негізгі 
отыны жанар-жағар майы болып пайдаланылады.
Ресейде алғашқы мұнай зауыты 1745 жылы Ухта өзенінің бойында 
салынды. Алғашқы мұнай ұңғымалары 1848 жылы Бакуде, 1858 жылы 
АҚШ-та (Пенсильвания) бұрғыланды. 


17
II тарау
ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны
Қазақстанның мұнай саласы – еліміздің экономикасының негізгі 
салаларының бірі болып табылады. 
Ғарыштық түсірілімдер мен жерде жүргізілген зерттеулер нəтиже-
лері бойынша, Каспий теңізінің солтүстік аймағында мұнай қоры 
3-3,5 млрд. тонна, газ қоры 2-2,5 трлн.м
3
құрайды. Қазіргі уақытта
республикада Теңіз, Қаламқас, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кен-
қияқ жəне тағы бірқатар ірі мұнай кен орындары іске қосылған. 
Республиканың басқа ірі мұнай-газ аудандары Оңтүстік Маңғыс-
тау-Үстірт ойпаңы жəне көтерілімі. Мұнда сұйық көмірсутегі қорының 
56%-на жуығы кездеседі. Атырау – 75,6%, одан кейін Ақтөбе 9,1% 
қорға ие.
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны Батыс Қазақстан 
облысының жерінде Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде 
орналасқан, əлемде ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. 
1979 жылы ашылған, кен орнын игеру 1984 жылы басталды. 
Қарашығанақ қоры 21,3 трлн.м
3
газды, 644 млн. тонна газды-конден-
сатты жəне 189 млн.тонна мұнайды құрайды. Қарашығанақтың 
көмірсутектік шикізатының өңделуі Орынборда жүзеге асады. Бұл 
кен орнының ең басты мəселесі – шикізатты тасымалдау мен өңдеу.
Қарашығанақ мұнай кен орнының дамуына Қазақстан жағынан 
холдингті компания «Қазақгаз», ағылшын компаниясы «BRITISH-
GAS», итальян компаниясы «AGIP» жəне ресейлік акционерлі қоғам 
«Газпром» атсалысуда. Инвестициялар 320 млн.долларды құрайды.
ҚР Сараптау агенттігі бойынша ТМД елдерінің мұнай өндіруші-
лерінің ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орында тұр, ал 
90 мем лекет кіретін əлемдік бірлестіктің алғашқы 30 кіреді. Қазақ-
стан мемлекеті өте қолайлы қоры бай мұнай кен орындарына ие 
болып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан жылына 50 млн. тонна мұнай 
өн діреді. Бұл өндірісті Қазақстан 150 млн.тоннаға дейін жеткізуді 
көздейді. Мұнайды ішкі қолдану 20-25 тоннаны құрайды.
Қазақстанда мұнай өндіру 1992 жылы 25,8 млн. тоннаны, ал 2008 
жылы 70 млн. тоннаны құрады, олардың ішінде: Теңізде – 17,3 млн., 
Қарашығанақта – 11 млн., Өзенде – 6,5 млн., Жаңажолда – 6,3 млн., 


18
Құмкөлде – 5,8 млн., Қаламқаста – 4,2 млн., Қаражамбаста – 2 млн., 
тұзүсті-Кенқияқта – 2 млн., Солтүстік Бозашыда – 1,8 млн., Жетібайда 
– 1,2 млн. тоннаны құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет