9
оңайға түспеді. Мұнай-газ қорының барлығы анықталған соң, 1938
жылдың басынан бастап Құлсары алаңын бұрғылауға бар күш-жігер
жұмылдырылды, бұл алаң «жауапты учаске» деп жарияланды. Оның
ашылып, қатарға қосылуына «Ембі мұнай» тресінің сол кездегі (1938-
1941 жылдар) басшылары – Я.В.Лаврентьев, И.И.Курус, Н.В.Не во-
лин, С.Өтебаев жəне т.б. қыруар еңбек сіңірді.
Үлкен еңбектің алғаш жеміс берген күні 1938 жылғы мамыр-
дың 27 жұлдызы еді. 10-шы ұңғыманың орта юра қабатынан 1001-
1008 метр тереңділік аралығынан
қуатты мұнай бұрқағы атқылап,
Құлсарының баянды болашағын баршаға аян етті. Мұнай қысымы
100 атмосфераға жетіп, ұңғының тəуліктік өнімі 50-60 тонна болды.
Бұған іле-шала 182-ші ұңғысынан да мұнай атқылады, оның тəуліктік
өнімі 200 тоннаға жетті. Бұлар болашақ Құлсары мұнай кəсіпшілігі-
нің дүниеге келуін түпкілікті бекітті. 1939 жылғы қаңтардың 1 жұлды-
зында Қазақстанның мұнай байлығының шалқуына қомақты үлес
қосқан Құлсары кəсіпшілігі құрылды.
Құлсарының қатарға қосылуына
байланысты Жылыой ауданын-
да мұнай өнімінің жоғары деңгейіне қол жетті, ол 1938 жылы
1937 жыл мен салыстырғанда 32%-ға, ал 1939 жылы 60%-ға артты.
Құлсары мұнайының артықшылығы: оның құрамында жанғыш газ
басым бол ды, ол қабат қысымынан шығысымен-ақ өздігінен жоғары
көтеріледі.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет осы кəсіпшілікте арзан отын-
жан
ғыш газ ауданның өндірістік жəне
тұрмыстық қажеттеріне
пай даланылды. 1940 жылы мұнда 4 миллион текше метр газ пай-
даланылған екен. Аса қарқынды еңбек еткен мұнайшылар 1941 жылы
Ұлы Отан соғысы алдындағы жылдарға қарағанда 2 есе артық мұнай
өндірген.
Ал 1942 жылдың бірінші тоқсанында тəуліктік өнім 700-800 тонна
болды. Соғыстың соңғы жылдары Құлсарының мұнай өнімі 188 мың
тоннаға жетіп, жалпы соғыс жылдарында майданға 683 мың тонна
мұнай жөнелтілді.
Бассейндегі ірілерінің бірі –
Құлсарыда ондаған фонтан
ды
ұңғымалардың өзі барлық Орал-Ембі бассейніндегі мұнай өндірі сі нің
70%-ын береді.
Каспий ойысы тұз күмбездеріне бай жəне оның өнеркəсіптік мұ-
най-газдылығы ертеден белгілі. 500 шаршы километр жерде мыңнан
10
аса тұз күмбездері орналасып, олардың 300-і Еділ-Жайық аралы-
ғында орналасқан. 1959-1960 жылдары
Ақтөбе облысында Прорва
мен Боранкөл мұнай кəсібі қосылды.
Каспий бойы ойысындағы осы бассейннің маңында 32 мұнай-
газ кен орындары кездеседі. Ембі бассейнінің мұнайы мен газы жер
үстінен 50 метрде, 2417 метрлік тереңдікте орналасқан. Ал негізгі
қоры 800 метр тереңдіктің маңында. Бассейннің ірі кен орындары
Кеңқияқ, Прорва жəне Боранкөл. Кен
орындарынан негізінде мұнай
насос арқылы сору əдісімен өндіріледі. 1966 жылы Прорва кенорны
пайдалануға беріліп, Кеңқияқты игеру басталды. Сол сияқты,
1967 жылы Жетібай кенорны пайдалануға берілді. Маңғыстау мұнай
өнімі 1965 жылғы 300 мың тоннадан 1970 жылы 10,7 млн. тоннаға
дейін өсті.
1970 жылы Өзен кенішінде дүниежүзінде
алғаш рет қабат арасын-
да ыстық су айдайтын өндірістік қондырғы іске қосылды. Сол жылы
мұнай өндірудің компрессорсыз газлифтті тəсілі қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: