Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


I тарау Мұнай кен орындары ашылуының



Pdf көрінісі
бет3/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
munai

I тарау
Мұнай кен орындары ашылуының 
негізгі тарихи кезеңдері
1.1. Қазақстандағы ең алғашқы мұнай көздерінің ашылуы
Қазақстанда мұнайды іздеу мен барлауға бағытталған жұмыстар 
1892 жылы Жайық-Жем алабында басталды. 1899 жылы қазақтың 
алғашқы мұнай кен орны – Атырау облысы Жылыой ауданына 
қарасты Қарашұңғыл алаңындағы №7 ұңғымадан 40 м тереңдіктен 
тəулігіне 25 тоннаға дейін өнім беретін мұнай бұрқағы атқылады. 
Бұл, бүгінде дүниежүзіне мəлім болған Қазақстан мұнайының ал-
ғашқы тамшылары болатын. Қарашұңғыл мұнайы туралы хабар 
Алтайдан Оралға дейін тарап, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын 
іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мүмкіндік туды. Содан 
кейін Доссор, Мақат, Ескене өңірінде терең бұрғылау жұмыстары 
қолға алынды. 
1911 жылы Доссор кеніші ашылып, Ембі мұнайын игеруге жаңа 
қадам жасалды. Екінші мұнай фонтаны, 1911 жылы 29 сəуірде 
Доссорда бұрғыланған №3 скважина 226 метр тереңдіктен 16,7 
мың тонна мұнай берді. Қарашұңғыл мен Доссор кенорындарының 
мұнай қоры, Қазақстан мұнай өндірісінің алғашқы тарихи беті болып 
саналады.
1915 жылы Мақат мұнай кені пайдаланылуға берілді. «Аға-
йынды Нобельдер» серіктестігінің Новобогатинскіде (Қамысқалада) 
бұрғылаған 2/64 скважинасынан тəулігіне 50 т мұнай беретін 
фонтан атқылады. Мақат пен Доссорда өндірілген мұнай 1915 жылы 
272746 тоннаға жетті. 1915 жылы ашылған Мақат – Атыраудың 
үшінші мұнайлы перзенті болып тарихқа енді.
1.2. Орал-Ембі мұнай-газ бассейні
Тарихқа жүгінсек, Орал-Ембі мұнай-газ бассейні туралы деректер 
Ресей патшасы I Петр тұсында-ақ, Қазақстан даласына Астраханьнан 
Хиуаға дейін сапар шеккен, əскери экспедицияның бастығы Бекович-
Черкасский қолжазбаларында кездеседі жəне еліміздің батыс өңірінің 
тұнған байлығы туралы дəлелдер бар.


7
Атырау өңірінде мұнай қорының бар екендігі ертеден белгілі 
болған. Жайық-Жем алабы мен таулы Маңғыстаудың жер бетіне 
шығып жатқан жəне тайыз құдықтарға жиылған мұнайын қазақтар 
ерте кезден пайдалана білген. Сол жерді қоныстанған көшпенді 
қазақтар жер бетіне шығып жатқан мұнайды сүзіп алып жағар май лар 
жарық жəне емдік заттар ретінде пайдаланған.
Бірақ олар бұл үлкен қазынаның түймедей бір ғана шеті екендігін 
аңғармады.
ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер 
қойнауы зерттеле бастады. Оны зерттеушілер – И.Лепехин (1768), 
П.И.Рычков (1772), П.С.Паллас (1773), Г.Гельмерсен (1836), т.б. 
Олар Атыраудың географиялық жəне топографиялық құрылымына, 
су қорлары мен кен байлықтарына геологиялық сипаттама берді. 
Бұл зерттеушілердің алғашқы деректері осы саладағы ғылымның 
қалыптасуына көп əсерін тигізді. 
Бертін келе осы өңірді зерттеуші ғалым Н.А.Северцев 1860 жылы 
«Горный» журналына қазіргі Доссор маңындағы зерттеу еңбегін 
жариялады. Бұл еңбекте Доссор кені жайлы алғашқы тұжырымдама 
жасалса да, ол кезде бұл аса құнды болжамға ешкім мəн бере 
қоймады.
Орал-Ембі мұнай-газ алабы Атырау, Ақтөбе, сонымен бірге 
Астрахань, Волгоград, Саратов облыстарына жəне Қалмақ АССР 
аудандарына қарасты 500 мың шаршы километр жерді алып жатыр. 
Осы территорияда сол жылдары жүргізілген геологиялық жəне 
геофизикалық зерттеулер мұнайдың үлкен қорын табуға мүмкіндік 
туғызды. Мұнай кен орындары тұз күмбездерінде шоғырланған, 
ондай күмбездерінің саны 1700-ге жетеді. 
Жаратылыстанушылар мен топографтардың бұрын зерттеген 
материалдарымен танысқан Ресей геологиялық комитеті 1874 жылы 
Батыс Қазақстанға тау-кен инженері Д.В.Кирпичниковты жібереді. 
Қаражыңғыл, Иманқара жəне Доссор сияқты болашақ мұнай кен 
орындары орналасқан аудандарды зерттеп, ол мынадай тұжырымға 
келгенді: «Доссорда мұнай өте көп, бірақ бұл байлықты пайдалану 
өте қиынға соғады, себебі тұщы су жоқ, қатынас жол жоқ, шабынды 
жер жоқ». Рязань-Орал қоғамы мен геологиялық комитетінің 
ұйымдастыруымен 1892 жылы Доссорда бес, Іскінде бір жəне Қара-
жыңғылда бес ұңғыма бұрғыланды. 


8
1863 жылы Академик Паллас Ембі өзені аңғарында мол мұнай 
қорының бар екенін анықтайды. Бірақ бұл кең аймақта геологиялық 
зерттеу жұмыстары тек қана өткен ғасырдың екінші жартысында 
басталады, Орал-Ембі өңірін толық зерттеу жұмыстары 1892 жылдан 
бастап кең қанат жайды.
Қазан революциясына дейін Орал-Ембі алабында сегіз мұнай 
қоғамы жұмыс істеді. 1912 жылдан бастап, Ресей геологиялық 
комитетінің тапсырысымен геологтар А.Н.Замятин мен Н.Н.Ти-
хонович Ақтөбе облысында геологиялық зерттеулер жүргізеді. 1920-
1921 жылдары жас Кеңес одағы азамат соғысына бай ланысты Кавказ 
мұнайынан уақытша айырылғанда, елімізді мұ 
наймен қамтамасыз 
еткен Ембі бассейні болды. Оның мұнайын тасу үшін Александров-
Гай-Ембі темір жол құрылысы басталып, 1927 жылы аяқталды. 1920 
жылы ұйымдастырылған «Ембі мұнай» тресі мұнай кəсібін қайта 
қалпына келтіруге үлкен үлес қосты. 
Ұлы Отан соғысынан кейін Батыс Қазақстан геологиясын «Қа-
зақстан мұнай бірлестігі», «Ақтөбе мұнай барлау» тресі, «Қазақтың 
геофизикалық ұйымы» кейіннен болған «Қазақстан нефтегеофизика» 
тресі, «Аэрогеологиялық» жəне «Уральск неф-теразведка» трестері 
зерттеген болатын. Жаңа геофизикалық əдісті қолдану арқылы 
Қошқар, Тентексор, Мұнайлы, Тілес, Қаратөн, Тереңөзек, Тəжіғалы 
жəне Қарсақ сияқты жаңа мұнай кен орындары ашылып, Таңатар 
мен Прорвада мұнай өндіру жұмыстары басталды жəне Ембінің 
солтүстігінен Кеңқияқ, Көкжеде, Құмсай, Қопа, Ақжар кеніштері 
табылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет