19
Осы міндеттерді орындау үшін
бензинді гидротазалау, дизель
отынын гидротазалау, депарафиндеу, изомерлеу, сутегін алу, ағын-
ды суларды биологиялық тазалау жəне күкірт өндірудің жаңа қон-
дырғылары салынды.
2007 жылдың басында Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 150
ррм-ден артық емес) сəйкес келетін бензиннің жəне Еуростандартқа
(құрамындағы күкірт 50 ррм-ге дейін жəне минус 35 градуста қататын)
сəйкес келетін дизель отынының
бірінші партиясы шығарылған
болатын. Этилденген, қоршаған ортаға зиянды бензин өндірісі тоқта-
тылды, нəтижесінде АИ-80 маркалы бензиннен АИ-93/96 маркалы
бензинге дейін жақсартылды.
1978 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытының
мұнайды өңдейтін
құрама қондырғысы пайдалануға берілді. 1979 жылы битум қон-
дырғысы мен күкірт өндіру қондырғысы іске қосылды.
Негізгі тауарлы өнімдері:
автомобиль бензині, реактивті қозғалт-
қыштар үшін отын, дизельдік жəне қазандық отыны, сұйылтылған
тұрмыстық газдар, битумдар, күкірт, сондай-ақ изопентан, пропиленді
пропан газдары жəне бутиленді бутан фракциясы.
Технологиялық
қондырғылар осы заманғы тиімділігі жоғары жабдықтармен қам-
тамасыз етілген.
Павлодар мұнай өңдеу зауыты мұнайды отын жолымен өңдеуге
арналған жəне үздік Еуропалық өндірістердің деңгейіне сай мұнайды
85%-ға дейін тереңдете өңдей алады. Мұнайды өңдеу мынадай
процестерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
- мұнайды электрмен сусыздандыру жəне тұзсыздандыру;
- сусыздандырылған жəне тұзсыздандырылған мұнайды алғаш
айдау;
- бензиндерді, реактивті жəне дизель отындарын сумен тазалау;
- бензин фракцияларының каталитикалық риформингі;
- каталитикалық крекинг;
- газбен фракциялау;
- мұнай битумдарын өндіру;
- кокс өндіру;
- күкірт өндіру.
Достарыңызбен бөлісу: