11
Қазақстанда өте қуатты геофизикалық, геологиялық барлау, мұнай
өндіру жəне өңдеу мекемелері құрылды. «Геология жəне геофизика
институты», «Химия жəне табиғи тұздар институты», сонымен бірге
«Гипроказнефть» институты қызметкерлері өте жемісті еңбек етті.
Бозашы кен көзі – Маңғыстау түбегінде орналасқан, шамамен,
Атыраудан 300 км жерде орын тепкен мүйіс.
Тұзды батпақ су астында
300-100 км тереңдікте орналасқан. Ондағы мұнайдың құрамы да тым
өзгеше: қою, өте тұтқыр, күкіртті, асыл болат жасауға тым тиімді,
онда ванадий қосылысының мөлшері көп.
Академик И.М.Губкин мұнайлы Ембіде 1 млрд.тонна мұнай қоры
бар деген болжам жасаған еді. 1985 жылдың қараша айында өткен
Қазақстан Ғылым академиясының арнайы сессиясында Ембінің
«Мұнай жəне химия өнеркəсібін» дамыту мəселесі талқыланып, оның
қорытындысы бойынша Жылыой жерінде геологиялық барлау жұ-
мысын одан əрі жүргізу қажеттігі атап көрсетілді.
Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар емес, білікті мамандар қажет
болғандықтан, 1930 жылы Гурьевте (қазіргі Атырау)
мұнай техни-
кумы ашылды. Кейіннен бұл арнайы оқу орны политехникум деп
аталды. Кезінде академик И.М.Губкин мен басқа да ғалымдар Атырау
өңірінің болашағына жоғары баға беріп, бұл өңірге терең барлау
жұмыстарын жүргізу керектігін айтты, жаңа кен көздерін ашып, халық
игілігіне жарату мəселелерін алға қойды. Кен орындарын игеруді
ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін 1934 жылы «Ембімұнай»
тресінің ішінен Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды.
Гравиметрия, электрокаротаж геофизикалық əдістері игеріліп, жақсы
нəтижелер берді, осылайша мұнайлы Ембі
кенорындарының қата рын
жаңа кеніштер толықтыра бастады. 1934 жылы Ескене, 1935 жылы
Байшонас, 1935 жылы Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз сияқты жаңа кен-
орындары іске қосылды. 1960-70 жылдар аралығында Терістік Каспий
ойпаттарында Прорва, Ақтөбе, Шығыс Құлсары, Таңатар, т.б. мұнай
кен орындары ашылды.
Жаңа кеніштердің ашылуы мұнай өнімін еселеп арттырды.
Атырау мұнайын еліміздің шығысына кідіртпей жөнелту үшін
1936 жылы Каспий-Орск мұнай құбыры іске қосылды. Осы өңірдегі
мұнайды барлау, өндіру жұмыстары Ұлы Отан соғысы жылдарында
да толастамады. Қиын-қыстау, аласапыран заманда осы салада талай-
талай
рекордтар жасалып, көптеген озық технологиялар өндіріске
енгізілді. Мысалы, Одақта тұңғыш рет мұнай өндірудің жаңа əдісі –
12
қабат қысымын су айдау арқылы көбейту 1943 жылдың тамыз айында
Доссор кəсіпшілігінде жүзеге асырылды.
Республика мұнайшылары үшін 1950 жыл – елеулі жыл болды,
өйткені осы жылы Қазақстан мұнайшылары елімізге 1 млн тоннадан
астам мұнай берді. Дегенмен еліміздің экономикасын өркендетуге
бұл əлі жеткіліксіз еді.
1970 жылы 5396 м тереңдіктен Каспийдің солтүстік-шығыс жа-
ға лауында орналасқан Теңіз кен орны ашылды. Зерттеулер бұл жер
қойнауының байлығы Ресейдің Түмен жеріндегі кенорындары нан
кем емес екендігін анықтады. Теңіз кенінің барлау кешендерінің се нім-
ді лігі мен экономикалық жағынан тиімділігі, оған көптеген шетел дік
фир малардың қызығушылығын тудырды.
Олардың қатарында қазір-
гі мұнай алпауыттарының бірі – Шеврон компаниясы да бар. Қырық
жылға жасалған келісімшарт бойынша Теңізден жылына алынатын
мұнай көлемін 36 млн. тоннаға жеткізу жоспарланды. Жалпы 775 млн.
тонна мұнай өндіру көзделген.
Жетпісінші жылдары мұнай өндіруден əлемде бірінші орын алатын
біздің еліміз 1975 жылы дүниежүзіндегі барланған 2,6 миллиард
тонна мұнайдың 491 миллион тоннасын өндірген. Ол кезде жер Қазақ-
стандікі болғанымен, билік Мəскеуде болатын. Сондықтан 1980-
1990 жылдары шетелмен жүргізілген келіссөздердің көпшілігі біздің
мемлекет жəне Үкімет басшыларына белгісіздеу болған. Бар белгілі
болғаны 1990 жылдың маусым айында М.С.Горбачев пен АҚШ
президенті Д.Буш «Теңіз» кен орнын игеру жөніндегі келісімге қол
қойып, «Теңіздің» 50%-ы «Шеврон» компаниясына берілгенді.
1991
жылы Қеңес Одағы тарқап, «Теңіз» мұнай кен орны қайтадан
Қазақстанның меншігіне тиді. 1993 жылдың сəуірінде Қазақстан
«Шев рон» фирмасының «Теңіз-Шевройл» біріккен өнеркəсібін құру
шартына қол қойылды. Шарт бойынша іздеу-барлау, өндіру жұмыс-
тары бірге жүргізіліп, «Теңіз-Шевройл» бірлестігі 30 млрд. доллар
мөл шерінде күрделі қаржы жұмсап, 97 млрд. доллар пайда табу көз дел-
ді. Кірістің 21,6%-ы «ТеңізМұнайГаз» өндірістік бір лестігіне, 58,8%-ы
Қазақстанға, 19,6%-ы «Шеврон» компаниясына тиесілі бол ды.
«Шеврон» компаниясы 40 жыл ішінде біздің республикаға 20
млрд. доллар инвестияция жасауға міндет алды, 1993 жылы «Теңіз-
Шевройл» алғашқы 1 млн. тонна мұнай өндірді.
1997 жылы бұл көрсеткіш 6,7 млн. тоннаға жетті, 1997-1998 жыл-
дардағы мұнай бағасының
төмендеуіне қарамастан, 1998 жылы бұл
13
көрсеткішті 8,2 миллион тоннаға жеткізу жоспарланды. Одан кейінгі
міндет 12 миллион жеткізу болды. Ал оның Қазақстан бюджетіне
қосқан үлесі, тек 1993-1997 жылдар аралығында «Теңіз-Шевройл»
компаниясы Қазақстанға 224 млн. доллар қаржы түсірді.
Теңіз кенінің халық шаруашылығындағы маңызы тек оның ау
-
қымдылығы жəне көмірсутекті шикізаттың бағалылығымен ғана шек-
телмейді, сонымен қатар жаңа өнеркəсіпті аймақ құру, оны əлеуметтік
жағынан жақсарту, Атырау облысының, тіпті бүкіл республиканың
экономикасын көтеру мүмкіншілігінің көзделуінде болды.
Достарыңызбен бөлісу: