26
Мұнай өндіру көлемінің кемуі МӨЗ-да негізінен мұнайды тіке айдау
процестерінде бос қуат қалып қоюына əкелді, осы кезде оларды
екінші кезектегі процестерде қайтадан өңдеу көзделді.
Мұнай өңдеу көлемі мұнай өнімдерін өндіру жағынан дүниежү-
зінде жəне өркендеген елдер арасында АҚШ жетекші орында. АҚШ-
тың мұнай өңдеу саласындағы ерекшелігі – оның өте жоғары өңдеу
тереңдігі (қозғалтқыш отынының шығымы дүниежүзінде ең жоғары
көрсеткіште 75%), МӨЗ бағыты «бензин өндіру» жүйесіне, екінші
кезектегі өңдеу процестерді көп қолдану арқылы, дəлірек айтқанда
каталитикалық крекинг (~38%), каталитикалық риформинг (~23%),
гидротазалау жəне гидрокүкіртсіздендіру (~54%), гидрокрекинг
(7,2%), кокстеу, алкилдеу, изомерлеу жəне басқа процестері басым.
АҚШ-та ең көп қолданылатын өнім – ол автобензин (мұнайға
шаққанда 47 % масс.).
Бензиннің дизель отынына арақатынасы 2,1/1 тең. Қазандық
отыны, мұнайға есептегенде, аз мөлшерде өндіріледі – 8%. АҚШ-та
мұнай
ды өңдеудің тереңдігі терең өңдеу процестерін қолданумен,
əсіресе вакуум газойлін жəне мазутты каталитикалық крекингке,
гидрокрекингке салу жəне кокстеу процестерін көп қолдану
нəтижесінде жетеді. Бұл процестердің қуаты жөнінен АҚШ дүние-
жүзінде көш ілгері. Канада мұнай өңдеуде, мұнай өнімдерінің
қолдану жəне өндіру құрылымы жағынан, отын сапасы жағынан,
екінші кезектегі өңдейтін процестердің көптігі жағынан жəне басқа
көрсеткіштерімен АҚШ-қа үлкен ұқсастық байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: