Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Өркендеген елдердегі мұнай өңдеу көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет13/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   150
Байланысты:
munai

2.3. Өркендеген елдердегі мұнай өңдеу көрсеткіштері
Өркендеген елдер арасында мұнай өңдеу зауыттарының МӨЗ ең 
үлкен қуаттары Батыс Еуропа (Италия, Франция, ГФР, Ұлыбри-
тания), сонымен қатар Жапонияда орналасқан. Батыс Еуропадағы 
өркендеген елдер жəне Жапония МӨЗ-дағы мұнай өңдеу тереңдігі 
АҚШ-қа қарағанда төмен. Бұл көрсеткіш Жапония мен Италияда ең 
төмен (60% төмен), Франция, Англия жəне ГФР МӨЗ орташа. Жа-
пония мен Италияда мұнай өңдеудің тереңдігінің төмендігі оларда 
өздерінің көмір жəне табиғи газ қорларының жоқтығынан. Жапония 
мен Италиядағы МӨЗ-да қозғалтқыш отынының шығымы (53,7 жəне 
50% тиісінше) төмен, ал олардың ГФР, Франция жəне Англия МӨЗ-
да шығымы жоғары. АҚШ пен Канададан кейін Ұлыбритания МӨЗ-


27
да бензин шығымы – 25% жоғары. Бұл көрсеткіш басқа елдердің 
МӨЗ-да 12-22%. Бензиннің дизель отынына қатынасының аздығы 
Батыс Еуропа МӨЗ-да дизель отынының көбірек өндірілу себебі, 
бұларда автомобиль көліктерін дизель қозғалтқышымен жабдықтауға 
бет алғандығынан. Жапония мен Италия МӨЗ-да мұнай өнімдері 
құрылымында, бірінші орында қазандық отыны (35 жəне 37% 
тиісінше). Басқа өркендеген Батыс Еуропа жəне Жапония МӨЗ екінші 
кезектегі өңдеу процестерінен қамтылу жағынан АҚШ-тан əлдеқайда 
төмен. Мұнай өңдеуді тереңдету процестер үлесі (термиялық, гидро-
крекинг, каталитикалық крекинг жəне алкилдеу) АҚШ-та 1985 жылы 
60,8 % болды. 
Батыс Еуропада қозғалтқыш отынының шығымын көбейту үшін 
мұнайды терең өңдеу процестерінің бағдары іске асырылуда, ка-
та 
литикалық крекинг, висбкрекинг, гидрокрекинг жəне кокстеу 
процестері орын алуда. 
АҚШ-та каталитикалық крекинг қуаты бензинге сұранысты ке-
ректі мөлшерде өтейтіндіктен, олардың құрылысы соңғы жыл дары 
бəсеңдеді. Соның есебінен, дизель отынын өндіретін қуат гидро-
крекинг есебінен өсе бастады.
АҚШ-та жəне Батыс Еуропа елдерінде этилденген бензинді пай-
далану азайып келеді, ал Жапонияда этилденген бензинді тіпті өндір-
мейді де. Бұл жағдай автобензинді жоғары октанды басқа отынмен 
ауыстыру қажеттілігін туғызды, метанол, метилтретбутил эфир, 
ацетон, бутанол, этанол жəне т.б. қолданыла бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет