Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет20/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150
Байланысты:
munai

3.2. Мұнайды барлау əдістері
Алғашқыда ықтимал мұнай бар ауданды көптеген жанама белгі-
лері бойынша мұнай кенінің болуын анықтауды үйрене отырып, 
көзбен шолып зерттеген. Алайда, іздестірудің барынша толық болуы 
үшін «жер астын көре алу» қажет болды. Бұл геофизикалық əдістер-
мен зерт теудің арқасында мүмкін болды. Іздеу-барлау жұмыстары-
ның техно 
логиялық процесі бірнеше этаптардан тұрады: барлау, 
бұрғылау, мұнай табылған жерлерді эксплуатациялау, мұнайды 
кəсіпшілікке дайындау жəне т.б.
Мұнайшы-геологтардың негізгі міндеттері – мұнай мен газ кен 
орындарын іздеу жəне барлау болып саналады.
Мұнайды барлауды геологиялық, геофизикалық жəне геохимия-
лық əдістерінің үйлесуімен жүргізеді.
Геологиялық əдістің мақсаты
– ұңғымалар жəне басқа да құ рал-
саймандар көмегімен шөгінді жыныстардың құрылымы мен жаты сын 
зерттейді. Мұндай ұңғымалар үлкен тереңдікке жете алады.
Мұнай барлаудың негізгі мақсаты – қабаттарының шоғырлану 
контурларын, мұнай-газ орынының қуатын, мұнаймен қанығу дəре-
жесін анықтау болып табылады. Сонан соң мұнай қатпарының бар 
екендігіне көз жеткізу үшін ұңғыманы бұрғылайды. Егер мұнай-
газ шоғырының бар екендігі дəлелденсе, онда мұнай мен газдың 
құрамын, олардың мұнай алаңының өлшемін анықтау мақсатында, 
барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.
Барлау дəрежесіне байланысты, мұнай қорлары дəлелденген жəне 
ықтимал көмірсутектер жинақтары болып бөлінеді. Кен орындарын 
іздеумен айналысатын, оның қорын бағалайтын жəне оларды іске қосу 
үшін дайындық жұмыстарын жүргізетін мұнай барлау компаниялары 
беретін ақпараттар негізінде, мұнайды барлау үшін жүргізілетін 
зерттеу əдістері ішінен ең тиімділеріне – геологиялық, геофизикалық 
жə не геохимиялық əдістер жатады.
Геофизикалық əдістер
сезімталдығы өте жоғары қондырғылар 
көмегімен физикалық параметрлерді өлшеуге негізделген. Осы па-
раметрлерді негізге ала отырып, мұнай қабаттарының құрылысы 
картасын жасайды, олардың құрамын жəне шоғырлану ерекшеліктерін 
анықтайды. 
Тау жыныстарын геофизикалық əдістерімен зерттеу соңғы 
кез 
дері өсе бастады. Олар өте дəл құрал-саймандармен мынадай 


40
құ 
бы 
лыстар мен физикалық параметрлерді – гравиметриялы 
ауыт қу лықты, магнитті ауытқулықты, жыныстың электр тогын 
өт кіз гіштігін, терең емес ұңғымалардағы жасанды қопарылыстан 
пай 
да болған сейсмикалық толқындардың таралу ерекшеліктерін 
өлшеуге негізделген. Сонымен қатар ұңғымаларды нейтронмен 
бомбылауды пайдаланатын, акустикалық жəне радиометрия əдістері 
де қолданылады. 
Дала геофизикасында қолданылатын басты-басты əдістер – 
гравиметрлік, электрлік жəне сейсмикалық əдістер болып табылады.
Өндірістік барлау геофизикасы кенорынды игеруге дайындау 
жəне өндірістік қорларды анықтау мақсатын көздей отырып, мұ-
найлы-газды қабат қимасын жəне кен орны жатындарының пара-
метрлерін зерттеу шараларын жүзеге асыратын өндірістік геофизика 
əдістерін пайдаланады. Бұл əдістер қатарына жататындар – электрлік 
каротаж, радиоактивтік каротаж, термокаротаж, акустикалық каротаж 
жəне т.б.
Геофизикалық жəне геологиялық əдістерді кешенді қолдану шө-
гінді жыныстардың құрылымын, қақпан кен орнын табуда, мұнай 
қабаттарының тереңдігін жəне дəл орналасқан жерін анықтаудың 
зерттеу жұмыстарын едəуір кеңейтеді.
Бұрғылау нəтижесіне қарап, шөгінді жыныстардың құрылым 
картасын жасайды, онда тау жынысының құрамы мен оның жасы 
жəне қабаттар рельефінің ерекшелігі белгіленеді. Одан əрі мұнай 
немесе газ қақпан-кен орнын анықтау үшін іздеу ұңғымаларын 
бұрғылайды. 
Геохимиялық барлау жұыстары
қатарына газ барлау əдісі жатады. 
Газдар тереңдікте орналасқанымен, сезгіш аспаптар арқылы олардың 
аз да болса жер бетіне шығып жататынын байқауға болады. Əрине, 
газдың қабаттардан өту мөлшері өте нашар, мыңнан бір пайыз болуы 
мүмкін. Бірақ осы нəзік көрсеткіштер арқылы жер қойнауында газ 
кенінің барлығын байқауға болады. Əр кенорыннан алынған сынама 
арқылы газдың құрамына байланысты карталар тұрғызылады. Бұл 
əдісті орыс ғалымы В.А.Соколов ойлап шығарды.
Мұнай тектес газдардың құрамында да мұнай ішінде тіршілік 
ететін бактериялар бар екендігі анықталды. Кейінгі кездерде 
бактериялық мұнай барлау əдісін іс жүзінде Г.А.Могилевский 
қолданып, жаңа мұнай-газ кен орындарын ашуға олардың көмегінің 
бар екендігін анықтады.


41
1934 жылы инженер М.И.Бальзамов геохимиялық газ каро-
тажын ойлап шығарды. Газ каротажы төмендегідей процестерге 
не гізделген: ұңғымада қазу процесі жүріп жатқан кезде бұрғы ері-
тіндісін зерттеу арқылы оның құрамында жер қабатынан бөлініп 
шыққан газдарды жікке бөліп шығуын зерттеп, олардың мөлшерін 
диаграмма ретінде таспаға жазып тұрады. Осы диаграмма арқылы 
жер қойнауындағы мұнай мен газ кендерінің қандай тереңдікте 
кездесетінін болжайды. Ол барлау жұмысын жүргізуге айтарлықтай 
пайда келтіреді. Геохимиялық газ каротажының: гамма-каротаж, ней-
трондау каротажы, терокаротаж жəне т.б. түрлері кездеседі.
Геохимиялық əдістер
топырақ жəне жерасты суларының сына-
маларын анализдеуге негізделген, сондай-ақ мұнай-газ кенінің фи-
зика-химиялық құрамын анықтайды.
Мұнай кен орындарын іздеу, барлық жерлерде үлкен жетістік-
терге жетуде. Соңғы кездері мұнай кен орындарын теңіз суы астынан 
із деу жұмыстары күшті қарқынмен жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет