Артезиандық атқылау
мұнай өндірісінде сирек кездеседі.
Артезиандық əдіс мұнайдың құрамында еріген газ мүлде болмаған
жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда атқылау құбырларында газ-
далмаған сұйық қозғалады, сондықтан мұндай сұйықтың гидро-
статикалық бағанының қысымын жеңіп шығу үшін ұңғыманың
сағалық қысымы жеткілікті дəрежеде жоғары болуы тиіс.
Газ энергиясының əсерімен атқыламалау.
Ұңғымадағы құра-
мында
газ көпіршіктері бар сұйықтың атқылауы
аса кең тараған əдіс
болып саналады. Бұндай атқылау сұйықты ұңғыма түбіне айдайдын
энергияның қуаты сол сұйықты ұңғыманың бетіне көтеру үшін қажет
болатын энергияға тең немесе жоғары болатын жағдайда, атқылау
көтергіші оңтайлы режимде, ең жоғары ПƏК режимінде жұмыс істе-
ген жағдайда мүмкін болады.
Ұңғыма түбі қысымының əсерінен, сұйық сол қысымға сəйкес ке-
летін биіктікке көтерілуі мүмкін. 1 м
3
сұйықты көтеру кезінде орын-
далатын пайдалы жұмыс, сұйық дейгейінің көтерілу биіктігіне кө-
бейтіндісіне тең.
Мұнаймен бірге ұңғыма келіп түскен ілеспе газ мұнайдың қысы-
мын төмендету кезінде бөлініп шығады.
1 м
3
тауарлық мұнайға
қатысты болатын жəне стандарттық жағдайларға келтірілген
45
газдың жалпы мөлшері, толық газдық фактор деп аталады.
Алай-
да ілеспе газдың əртүрлі тереңдіктегі үлесі əртүрлі болады. Кеңейту
жұмысын тек ілеспе газ ғана орындайды. Сондықтан газдың кеңейту
жұмысын есептеу кезінде толық газдық факторды емес, газдың аз
мөлшерін (еріген бөлігін шегерумен) ескеру қажет, оны
тиімді газ-
дық фактор деп атайды.
Атқыламағыш ұңғымалардың жұмысын реттеу.
Атқы ла ма -
ғыш ұңғымалардың жұмыстарын реттеу жүйесі төмендегідей тар-
мақтар бойынша жүзеге асырылады:
- Р
Т
забойлық қысымды Р
Қ
қанығу қысымынан немесе оның
қай сы бір бөлігінен Р
Т
> 0,75 · Р
Қ
төмен болатындай мөлшерге
жет кізбеу;
- ең төмен газдық факторға немесе оның белгілі бір шамадан ас-
пайтын мағынасына сəйкес келетін режимді орнату;
- ұңғыма сүзгішінің артындағы қатта, қуыстың пайда болуына
жол бермеу үшін шығарылатын құм мөлшерінің күрт артуына жол
бермеуге сəйкес келетін режимді белгілеу;
- ұңғыманың өнімінде судың пайыздық мөлшерінің күрт артуына
жол бермеуге сəйкес келетін режимді белгілеу;
- ұңғыманың түбінде қоршаған бағанның майысып қалуы мүмкін
болатындай қысымға жол бермеу;
- буфердегі немесе құбыр арасындағы кеңістіктегі қысым арма-
тураның жəне тұтастай құрал-жабдықтың беріктігі мен оның
жұмысының сенімділігі тұрғысынан, қауіпті мағыналарға жететін
режимге жол бермеу;
- ұңғыманың буферіндегі қысым мұнай-газ жинақтау жүйесінің
лақтырмалы манифоліндегі қысымнан төмен болып шығатындай
режимге жол бермеу;
- белсенді құрғату процесімен қабаттың барынша үлкен қалың-
дығы немесе өнімді аралық қабаттардың ең үлкен саны қам-
тылатындай режимді орнату. Бұл ұңғыманың əртүрлі жұмыс
режимдерінде құйылымның пішіндерін тереңдіктік өнімділікті
өлшегіштермен түсіріп алу арқылы орнатылады.
Атқыламағыш ұңғымалардың жұмысындағы қиындықтар жəне
олардың алдын алу жолдары:
- сағалық арматура қымтамасының (одан əрі – САҚ) бұзылуы
нəтижесінде пайда болатын, ашық түрдегі реттелмейтін
атқылау;
46
- САҚ-ның ішкі қабырғалары мен лақтырмалы желілерде ас-
фальт-шайырлы жəне балауыздық шөгінділердің түзілуі;
- атқылау кезіндегі лүпілдеу, ол ұңғыманың мезгілінен бұрын
тоқтап қалуына əкелуі мүмкін;
- құм шығаруға бейім келетін тұрақсыз қаттарды пайдалану
кезіндегі забой мен САҚ-ның өзінде құм тығындарының пайда
болуы;
- ұңғыманың түбі мен САҚ-ның ішінде тұздардың шөгіп қалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |