Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Кен қабатының мұнай беру мүмкіндігі



Pdf көрінісі
бет25/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   150
Байланысты:
munai

3.5. Кен қабатының мұнай беру мүмкіндігі 
жəне оны көтеру жолдары
Кен қабатының мұнай беру коэффициентінің ең төменгі мəні ері-
ген газ мөлшеріне тəн. Су қысымымен істейтін жүйеде, мұнай беру 
коэффициенті жоғары, сондықтан мұнайды кен қабатынан өндіруді 
көбейту жəне қабаттың мұнай беру коэффициентін көтеру үшін қа-
батқа су беру тəсілін қолданады. Суландырудың бірнеше түрлері бар: 
нысананың сыртқы аумағындағы; нысана шеңберіндегі жəне ны са на 
ішіндегі суландыру түрлері. Ұңғыманы нысана сыртындағы сулан-
дыруда олар арқылы кен қабатына су беру, сыртқы нұсқада 300-500 м 
қашықтықта, мұнай қабатының периметрі сыртында орна ласады. Бұл 
əдісті үлкен емес кен орындарында, өндіруші ұңғымалар қатарлары 
3-4 көп емес болғанда пайдаланады. Бұл əдістің кемістігі – кен-жарға 
жіберген судың сыртқы шеңберге кетуі салдарынан шығынның көп 
болуы. 
Нысана шеңберінде суландыру əдісі кен қабатына əсер етуді кү-
шейтуге мүмкіндік береді, бұл жағдайда ұңғымаларды мұнай кен 
орны аумағында сыртқа жақын орналастырады. 
Нысана ішінде суландыруда қабатты тығыздаушы ұңғымалар 
қатарларымен кеседі, əрі тығыздаушы ұңғымалардың бір қатарына 
өндіруші ұңғымалардың екі-үш қатары келеді.
Қабатқа сумен əсер ету əдісін пайдаланғанда мұнайдың геоло-
гиялық қорын толық өндіруді қамтамасыз ете алмайды, жер қой-
науында жартысынан астамы, ал тұтқыр мұнай кен орындарында 
– барланған қордың 85%-ға дейіні қалады. Қабаттың мұнай беру 
шығымын көтеру үшін соңғы жылдары оған əсер етудің жаңа əдістері 
қолданылуда – сумен бірге беттік белсенді заттар (ББЗ), полимерлер, 
еріткіштер, эмульсиялар жəне т.б. заттар беріледі.
Мұнай қабатына ББЗ қосылған суды жібергенде, мұнай – су шека-
расында беттік керілу төмендейді. Мұнайдың қозғалғыштығы өседі 
жəне оның сумен ығысып шығуы жақсарады.
Полимерлерді, мысалы, полиариламидті суға қосу арқылы судың 
мұнайды қаттан ығыстыруын жақсартады. Қатқа əлсіз сілті ерітін-
ділерін жіберу арқылы құрамында нафтен қышқылдарының мөлшері 
көп мұнайды ығыстырудың тиімділігін арттырады. Жіберілген ерітін-
ділер мұнаймен араласқанда, мұнай-сілті ерітінді шекарасында беттік 
керілу едəуір кемиді.


49
Мұнай өндірудің ең тиімді əдістерінің бірі – мұнай қабатына 
көміртегінің диоксидін (СО
2
) жіберу. СО
2
-тің мұнайда еруі оның 
тұтқырлығын азайтады, бұл мұнаймен толған тесіктердің көлемін 
өсіреді, оның жылжуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Тұтқыр мұнай кен орындарының тиімділігін арттыруда оларға 
жылумен əсер ету əдістерінің атқаратын рөлі өте зор: 
қатқа ыстық 
су беру, бу жіберу жəне ішкі қабаттағы жану.
Жылу мен əсер ету 
əдістері көптеген кен орындары қаттарының мұнай беру деңгейін 
арттырады. Бұл əдіс Сахалин аралы, Украинадағы Бориславль кен 
орны, Коми Республикасындағы Ярег жəне басқа да кен орындарын-
да қолданылады.
Кен көздері қаттарынан мұнайды ығыстырудағы орын алған тиімді 
фактор, ол мұнайдың жəне судың тұтқырлығының өзара қатынасы, 
ол көп болған сайын, қабаттың мұнай беруі жоғарылайды. Жоғары 
тұтқырлы мұнайға жылумен əсер ету арқылы бұл қатынасты 30-50 
есе көтеруге мүмкіндік береді.
Мұнай өндірудің тиімділігін арттыру үшін кен орнына тікелей əсер 
етумен бірге, əртүрлі химиялық, физикалық жəне жылумен əсер ету 
əдістері де пайдаланылады. Кенжар алаңына қышқылмен əсер еткен-
де, қабатқа түсетін қышқыл құммен байланысқан карбонат жыныста-
рымен əрекеттесіп, жынысты ерітеді, тесіктердің диаметрін кеңейтеді 
жəне жыныстардың өткізгіштігін көтереді. 
Сондай-ақ, кенжар алаңына термохимиялық жəне термо-газ-
химиялық əсер ету қазіргі кезде өте тиімді болып табылады.
Физикалық əдістерге қатты гидравликалық жырту жатады, 
бұның нəтижесінде, қатта жаңа жарық түзіледі де, кенжар алаңының 
өткізгіштігін ұлғайтады. Қатты гидравликалық жыртуды, оған жоғары 
қысыммен сұйықтық жіберу арқылы іске асырады.
Жоғары тұтқырлы мұнайды өндірудегі кедергілерді жою 
тəсілдері. 
Қазіргі кезде мұнайдың барланған жалпы көлемінде 
жоғары тұтқырлы парафинді жəне асфальт-шайырлы мұнайлардың 
үлесі үздіксіз артуда. Оларды өндіру жəне тасымалдау асфальт-
шайырлы жəне парафинді шөгінділерді (одан əрі АШПШ) болдыр-
мау мəселесімен күрделенеді. 
АШПШ қарқынды шөгуі көптеген кен орындарының ұңғыма-
ларында қазудың барлық кезеңдерінде болады, тек өндіруші 
ұңғымалар өнімдерінің жоғары сулануы кезінде пайдаланудың соң-
ғы сатысында болмайды. 


50
Парафиндер қаттық орындарда еріген күйде болады. Темпера тура, 
қысым төмендегенде, сондай-ақ мұнайдың газсыздануы нəтижесінде 
парафин кристалдар түрінде шөгеді, олар тереңдегі құрал-жабдық-
тардың беттерінде жəне кəсіпшілдік газ-мұнай құбырларында жинақ-
талуы мүмкін, соның салдарынан жүйенің өнімділігі күрт төмендейді. 
АШПШ күресуді негізінен төрт əдіспен жүргізеді:
1) құбыр беттерінен шөгінділерді механикалық түрде жою;
2) қорғаушы қаптамаларды жабу; 
3) жылулық əсермен ингибиторларды пайдалану,
4) АШПШ еріткіштерін пайдалану. 
Қарнақты сорғылармен жабдықталған ұңғымаларда АШПШ 
қарнақтарға пісірілген пластикалық қырғыштармен кетіріледі. 
Жоғары тұтқырлы мұнайды тасымалдау.
Жоғарғы тұтқырлы мұ-
най 
ларды құбырмен тасымалдағанда АШПШ күресу үшін əртүрлі 
əдістер ұсынылады. Жоғарғы тұтқырлы мұнайлардың реологиялық 
қасиеттерін жақсарта алатын сұйылтқыштар, беттік-белсенді заттар, 
депрессаторларды пайдаланып, мұнай суспензияларын қыздырудың 
əртүрлі əдістері қолданылады жəне олар іс жүзінде сынақтан 
өткізілген. 
«Ыстық айдау» əдісі əлемде бірінші рет Өзен – Атырау – Са-
мара, Белек – Красноводск, Өзен – Суат – Грозный құбырларында 
жəне барлық мазут құбырларында жүзеге асты. Бұл технология 
бойынша мұнайды магистральға берместен бұрын 50-90°С дейін 
қыздырады жəне келесі жылу жəне сорғы станцияларына дейін ай-
дайды, олар əрбір 30-50 км сайын орналасады. Бұл технологияның 
кемшіліктері – жоғары энергия сыйымдылығы жəне жылыту үшін 
бағалы химиялық шикізат пен отынның (мазут, мұнай) шығыны, 
құбырлардың жиі «үсуі, қатып қалуы», қызмет ету технологиясының 
күрделілігі, конструкциялардың сенімсіздігі жəне құбырларды соғу 
технологияларындағы қиыншылықтар жəне т.б.
Жоғарғы тұтқырлықты жəне тұтқырлығы аз мұнайлар, мұнай 
өнімдерінің қоспасын айдауда кең қолданылуда. Самара - Саратов 
құбыры бойынша маңғыстаулық мұнай мен ромашиндіказ тұтқырлы 
мұнайдың қоспасы қыздырылмай-ақ айдалады. Қотыр төбе мен 
Құм тау-кен орындарының мұнайларының қоспасы Вышка-Бе-
лек құбырымен тасымалданады. АҚШ – 1080 км-лік Кушинг-Чи-
каго құбыры бойынша 70% мұнай, 10% газды бензин, 9% дизель-
дік отын мазутпен, 6% бутан жəне 5% пропан қоспасы айдалады. 


51
Тұтқырлықты қажетті мөлшерге дейін төмендетуге, қоры аз болып 
келетін еріткіштердің көп мөлшері қажет болады. 
Гидротасымалдау технологиясы техникалық қиыншылықтары 
жəне су мен мұнайдың қолайлы арақатынасын анықтау қиындық-
тарына байланысты кең қолданыс тапқан жоқ. Жеке жағдайларда 
депрессаторларды, функционалдық қоспаларды, химиялық реагент-
терді қосу – мұнай тұтқырлығын 50 есеге, қату температурасын 
5-10°С-ге төмендетуге, ағу кедергісін 50-70%-ға азайтуға мүмкіндік 
береді. Қазақстандық мұнай кəсіпшілігінде сынақтан өтіп, шектеу-
лі қолданыс тапқан депрессаторлар бар, олар Алманиялық БАСФ 
фирмасының «Сефафлюкс ES3137», «Сеперал ES3495», «Сеперал 
ES3315» типті жəне ресейлік «ТУМА» типті депрессаторлары. Осы 
депрессаторлардың жалпы кемшілігі – олардың қымбаттығы мен 
əмбебап əсерлерінің болмауы.


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет