56
бутан, 2,2-диметилпропан қалыпты жағдайда газ күйінде болады.
Бұлардың барлығы табиғи жəне мұнайға ілеспе газдар құрамына
кіреді. Табиғи газдың негізгі компонентін метан құрайды. Газ кен
орнының 3 түрі бар:
1. Таза газды.
2. Газды конденсатты.
3. Мұнайлы.
Бірінші түрін табиғи деп атайды.
Табиғи газ негізінен метан, оның
гомологтарынан жəне көмірқышқыл газы, азот, кейде көмірсутектен
тұрады. Газ конденсаты – кен орындарының газдарының таза газ-
дардан айырмашылығы метанмен бірге олардың арасында пропан нан
бастап, оның гомологтары, сол сияқты: сұйық алкандар жəне арен дер
болады. Мысалы: 1 м
3
Орынбор газында 80 г сұйық көмірсутектері
бар. Мұнай кен орындарының газдарын
ілеспе мұнай газдары деп
атайды. Бұл газдар мұнайда еріген түрінде болады жəне одан жер
бетіне шыққан кезде бөлінеді. Бұлардың құрғақ газдардан айырмашы-
лығы: этан, пропан, бутан жəне одан жоғарғы көмірсутектер əлдеқайда
көп мөлшерде болады. Сондықтан оларды байытылған немесе майлы
газдар деп атайды. Бұл газдардан ең жеңіл бензин, тауарлы бензин-
ге қоспа бола алатын, əрі отын есебінде пайдаланылатын сығылған
газдар алынады. Этан, пропан жəне бутандар
бір-бірінен бөлінгеннен
кейін мұнай-химия өндірісінің құнды шикізаты болады.
С
5
-С
15
көмірсутектері сұйық заттар қайнау температурасы бойын-
ша пентаннан деканға дейінгі көмірсутектер жəне олардың изомер-
лері мұнай айдау кезінде бензинді дистиллятқа өтеді, неғұрлым
көмірсутектердің кеңістік құрылысы тармақталған болса, соғұрлым
қайнау температурасы төмен болады. С
5
-С
10
арасында 145 изомер бо-
луы мүмкін. 1883 жылы Менделеев Баку мұнайынан əуелі пентанды,
кейіннен гександы анықтады.
Қазіргі кезде мұнайдан пентан, гексан,
гептанның барлық изомерлері, октанның – 17, нонанның – 24 жəне
деканның кейбір изомерлері табылған. С
1
-C
16
көмірсутектерін ундекан
С
11
додекан-С
12
, тридекан-С
13
, тетрадекан-С
14
, пентадекан-С
15
, гекса-
декан-С
16
табылған. Бұлар мұнай айдау кезінде керосин фракциясы-
на өтеді. Мұнайда парафинді көмірсутектердің кездесуі өте əркелкі,
10-70 %-ға дейін. Химиялық жағынан
жоғарғы температурада алкан-
дар ыдырайды, олар гологендермен əрекеттеседі, тотықпайды, күкірт
қышқылымен əрекеттеспейді.
57
С
16
жəне одан жоғары мұнай парафиндері мен церезиндердің
құрамына кіретін алкандар – қалыпты жағдайда қатты заттар.
С
16
H
34
гексадекан 18,1°С-та балқиды. С
n
H
2n+2
құрамындағы қалыпты
құрылысты көмірсутектердің молекулалық массасы жоғарылаған
сайын олардың қайнау жəне балқу температурасы біртіндеп
өседі. Қатты алкандар барлық мұнайлардың құрамыны кіреді,
бірақ көбінесе аз мөлшерде (ондаған үлестен 5%-ға дейін).
Қатты
алкандардың мөлшері Өзексуат, Жетібай жəне Өзен мұнайларында
өте жоғарғы (15-20%). Қатты алкандар мұнайлар құрамында еріген
немесе қалқыған кристалдық түрінде болады. Мазутты айдағанда май
фракциясының құрамына С
18
-С
35
құрамдағы алкандар өтеді. Гудрон
құрамына жоғары температурада балқитын С
36
-С
53
көмірсутектер
жиналады. Бұл көмірсутектердің
изомерлері өте көп, бірақ көпшілігі
мұнайда түзу тізбектілер түрінде кездеседі.
Мұнайдың құрамында тек қатты парафиндер (С
15
-С
32
) ғана емес,
жоғарғы молекулалы жəне балқуы жоғарғы
Достарыңызбен бөлісу: