Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет31/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   150
Байланысты:
munai

2. Күкіртті қосылыстар
. Күкірт – мұнайларда жəне мұнай өнім -
дерінде ең көп тараған гетероэлемент. Мұнайдағы оттекті қосы лыс-
тар сияқты, күкірт те оның фракцияларында əртүрлі та ралған. От текті 
қосылыстар бензинде кездеспейді, керосинді фракциялар да жеңіл 
май фракцияларына қарағанда аз кездеседі. Күкіртті қо сы лыстар да 
фракциялардың қайнау температурасы көтерілуімен өседі.
Мұнайларда күкірт еріген күкірт элементі жəне күкірттісутегі, 
мекраптандар, дисульфидтер, сульфидтер, тиофеннің туындылары 
күйінде жəне т.б. түрде кездеседі. Мұнайдың құрамы меркаптанды 
жəне меркаптансыз болады. Меркаптанды-метанды болып келеді. 
Олардың мөлшері мұнайда аз. Меркаптандар негізінен мұнайдың 
жеңіл фракцияларында кездеседі (40-50 жəне 70-75%). Барлық мер-
кап тандардың иісі жағымсыз, өте өткір. Осы қасиетін газ жүретін 
құбырлардың бүтіндігін, газ шығармайтынын білу үшін табиғи газға 
аз мөлшерде қосып, иісіне қарап анықтайды. Меркаптандар химиялық 
қасиеті жағынан спирттерге ұқсас. Меркаптандар өнімдерге өте зиян-
ды қоспа болып саналады, себебі олар түсті металдарды коррозияға 
ұшыратады, крекинг бензинінде шайыр түзеді жəне мұнай өнімдеріне 
өте өткір, жаман иіс береді.
Сульфидтер күкіртті қосылыстардың ішінде мөлдір дистиллят-
тарда көп кездеседі. Тиофен жəне оның туындылары мұнайдың орта 
жəне жоғары қайнаушы фракцияларында болады.
1. 
Азотты қосылыстар
. Азоттың қосылыстары мұнайдың құра-
мында 2-3%, көп дегенде 10%-ға дейін болады. Азоттың көпшілігі 
мұнайдың ауыр фракцияларында жəне қалдық өнімдерінде жинала-
ды. Мұнайдағы азот қосылыстары негізді жəне бейтарапты болып 
бөлінеді. Азотты негіздер мөлшері 30%-ды құрайды. Олар мұнайды 
айдағанда дистиллятты өнімдерге ауысады. Мұнайда гетеро сақиналы 
азот атомы бар қосылыстар да болады. Сақина саны 3-ке дейін бола-
ды. Олар – пиридин, хинолин, акридин.
2. Мұнайдағы бейтарапты азот қосылыстары негізгі бөлікті 
құрайды (80%) жəне олар көбінесе жоғары қайнайтын фракциялар-
да кездеседі. Бейтарапты азот қосылыстарына: индол, карбозол, т.б. 
жатады: мұнай фракцияларының қайнау температурасы өскен сайын, 
оларда бейтарапты азот қосылыстарының мөлшері көбейеді, негіздік 


64
азот қосылыстары азаяды. Азот қосылыстары қыздыруға тұрақты 
келеді. Əсіресе, оттегісі жоқ болса, мұнай өнімдерінің пайдалану 
сапасына көп əсер етпейді, бірақ дизель отынның жəне мазутта көп 
сақтағанда, кейбір азот қосылыстары шайырға айналады.
Шайыр, асфальтенді заттар
. Шайыр-асфальтенді заттар мұнай-
дың өте жоғары молекулалы, гетероатомды, құрамында көміртегі, 
оттегі, сутегі, күкірт, азот жəне металдары бар органикалық заттар. 
Шайыр-асфальтенді заттар мұнайды айдағанда ауыр қалдықтарда, 
гудрон мен битумарда жиналады. Шайыр заттары термиялық жəне 
химиялық жағынан тұрақсыз жəне тез тотығады, конденсацияланады, 
ал қыздырғанда ыдырайды. Шайыр заттар бейтарапты, оларды жеке 
заттарға бөлу өзгеше мүмкін емес. Барлық шайырдың құрамынан 
химиялық белгісі бойынша қышқылды қасиетті асфальтоген қышқы-
лын бөлуге болады. Табиғи асфальтта олардың мөлшері 6-7%. Сырт
көрінісі бойынша олар – қою түсті тұтқыр шайыр. Олар спиртте, 
бензолда, хлороформда ериді, тығыздығы 1-ден жоғары. Бейтарапты 
шайырлардың еріткіштерге əсері əртүрлі, соған байланысты оларды 
төмендегідей топтарға бөледі:
1. Жеңіл бензинде, пентанда, гександа еритін бейтарапты шайыр лар.
2. Петролейн эфирінде ерімейтін, бірақ ыстық бензолда еритін ас-
фаль тендер.
3. Тек пиридинде жəне көмірсутекте біртіндеп еритін карбен дер.
4. Іс жүзінде ешқандай еріткіштерде ерімейтін карбоидтар.
Асфальтендер мұнайда бейтарапты шайырға қарағанда аз кезде-
седі. Карбендер мен карбоидтер шикі мұнайда болмайды, олар мұнай 
фракцияларын катализатор қатысында қыздырып өңдеу арқылы алын-
ған өнімдердің құрамында кездеседі. Бейтарапты шайырлар бензин-
де, бензолда, эфирде жақсы ериді. Мұнай дистилляттарынан бөлінген 
шайырлар сұйық жəне жартылай сұйық, ал гудроннан бөлінген 
шайырлар қаттылау, майысқыш келеді.
Асфальтендер – мұнайдың ең жоғары молекулалы гетеро 
орга-
никалық қосылыстары. Олар сыртқы көрінісі жағынан қоңыр жəне 
қара түсті аморфты ұнтақ зат. Элементтік құрамы жөнінен бейтарап-
ты шайырлардан айырмашылығы оларда сутегінің мөлшері 1-2%-ға 
кем жəне тиісінше көміртегі мен гетероатом мөлшері көп.
Асфальтендер бензол еріткішінде ериді, жеңіл бензинде, спирт-
те, этил эфирінде ерімейді. Олар мұнайда коллоид жүйесі түрінде 
бо лады, қыздырғанда жұмсарады, бірақ ерімейді. 300°С температу-


65
радан жоғарыда олар газ жəне кокс түзеді. Шайыр-асфальтен зат-
тары бейтарапты шайыр тəрізді асфальтендерге гетероорганикалық 
жоғары молекулалы қосылыстар қоспасы болып келеді. Олар бір-
бірінен көбінесе молекулалық массасымен элементтік құрамымен 
жəне қанықпау дəрежесімен ерекшеленеді. Барлық шайыр заттары, 
əсіресе, асфальтендер, карбендер жəне карбоидтар майлаушы майлар 
қасиетіне теріс əсер етеді. Олар майлардың түсін нашарлатады, күйе 
түзілуді көбейтеді, майлаушылық қабілетін төмендетеді. 
Сондықтан 
май дистилляттарын таңдаудағы ең басты мақсат:
шайыр-ас-
фальтенді заттарды бөлу болып саналады. Шайыр заттары мұнай 
битумдарының құрамында жол салуда, үй құрылысында, гидроизоля-
ция материалы есебінде жəне арнайы жұмыстарда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет