68
I. Сұйық отындар.
II. Майлайтын жəне арнайы майлар.
III. Консистентті майлар.
IV. Парафиндер жəне церезиндер.
V. Битумдар.
VI. Күйе.
VII. Мұнай коксі.
VIII. Мұнай қышқылдары жəне оның тұздары.
IX. Отын жəне мұнай қондырмалары.
X. т.с.с. (керосиндер, еріткіштер, ароматты көмірсутектер....)
I. Сұйық отындар келесі топшаға бөлінеді:
А) Карбюраторлы отындар – авиациялық жəне
автомобильдік бен-
зиндер, трактор керосині жатады.
Авиациялық бензин-каталитикалық крекинг жолымен тікелей ай-
дау нəтижесінде алынады, олардың төмендегідей маркілері бар: АБ,
Б-100/190,Б-95/130.
Автомобильді бензин-термиялық жəне каталитикалық крекинг,
каталитикалық риформингпен тікелей
айдау арқылы алынатын бен-
зин. А-66, А-72, А-76, АИ-93, АИ-98.
Трактор керосині тікелей айдау дистилляттарының жəне 100-
300°С-дағы фракциялық құрамдардың термиялық крекингтерінің
қоспасы.
5-кесте
Мұнайлардың құрамындағы күкірт бойынша жіктелуі
Тобы Аталуы
Күкірттің массалық үлесі,%
1.
Аз күкіртті
0,60-дейін
2.
Күкіртті
0,60-1,80
3.
Жоғары күкіртті
1,81-3,50
4.
Аса жоғары күкіртті
3,50-тен
жоғары
Жер астынан өндірілетін мұнайдың құрамында əрқашан жерас-
ты суы жəне əртүрлі механикалық қоспалар болады. Мұнай кен
орындарының жер асты суда еріген күйде əртүрлі
мөлшерде минерал
тұздар, газдар, кейбір органикалық қосылыстар болады. Олар, əсіресе
хлорлы тұздар мұнайдың құрамында болса, тасымалдау,
өңдеу кезін-
де құбырлардың, аппаратураның коррозиясын туғызады,
мұнайдың
тұтқырлығын арттырып зиянды əсер етеді. Сондықтан мұнайды та-
69
сымалдау жəне өңдеу алдында оны даярлау керек. Мұнайлар даярлау
дəрежесі
арқылы құрамында судың, хлорлы тұздардың, механикалық
қоспалардың, хлорорганикалық қосылыстардың үлесі жəне
көмір-
сутектердің қаныққан бу қысымы бойынша үш топқа бөлінеді:
6-кесте
Достарыңызбен бөлісу: