Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет32/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   150
Байланысты:
munai

4.4. Мұнайды классификациялау
Мұнайды химиялық құрамына қарай жіктеу. 
АҚШ Тау-кен Бю-
росы мұнайды тығыздығы мен көмірсутек құрамының байланысына 
қарай классификациялауды ұсынды. Зерттеуге 250-275°С аралығында 
атмосферлі қысымда айдалатын (мұнайдың ауыр бөлігін сипаттай-
тын фракция) мұнай өнімі пайдаланылады. Осы фракциялардың 
тығыздығын анықтап, мұнайдың жеңіл жəне ауыр бөлігін мұнайдың 
əртүрлі бөлігіне белгіленген шектерге сүйеніп, 3 кластың біреуі-
не жатқызады. Одан кейін фракциялардың мəндеріне қарап, мұнай 
7 кластың қайсысына жататындығын анықтайды.
Бұл əдіс бойынша мұнайды 7 түрге бөледі:
1. Парафинді.
2. Парафинді-аралық.
3. Аралық-парафинді.
4. Аралық.
5. Аралық-нафтенді.
6. Нафтенді-аралық.
7. Нафтен-негіздік.
Мұнайды бұндай жолмен кластарға бөлудің кемшіліктері – оның 
химиялық құрамын толық көрсете алмауы жəне тығыздық шегі негіз-
делмегендігі. 
Грозныйдың мұнай ғылыми-зерттеу институты (ГрозМҒЗИ) 
мұнайдың химиялық құрамына қарай классификациялап, оның 
құрылысын көмірсутектердің бір немесе бірнеше класының мөлшері 


66
басым болуына негізделгендігін көрсетті. Осыған байланысты мұ-
найды төмендегідей топтарға бөлді: 
парафинді, парафинді-наф-
тенді, нафтенді, парафин-нафтенді, нафтенді-ароматтылық жə не 
ароматтылық.
1. Парафинді.
2. Парафинді-нафтенді.
3. Нафтенді.
4. Парафинді-нафтенді-ароматты.
5. Нафтенді-ароматты.
6. Ароматты.
Парафинді мұнайлардың барлық фракцияларында алкандардың 
мөлшері көп болады: бензин фракцияларында 50%-дан кем болмай-
ды. Май фракцияларында 20% жəне одан жоғары.
Ең жоғары парафинді типтік мұнайға Маңғыстау түбегіндегі Өзен 
жəне Жетібай мұнайлары жатады. Парафинді нафтенді мұнайларда 
алкандар мен қабат едəуір мөлшерде сақиналы алкандар болады, ал 
арендердің мөлшері көп емес. Парафин мұнайлары сияқты бұл мұ найда 
шайыр мен асфальтендер мөлшері аз. Парафин-нафтенді мұнайларға өте 
бай Волга, Орал жəне Батыс Сібір кен орындарының мұнайлары жата-
ды. Нафтенді мұнайлардың барлық фракцияларында циклоалкандардың 
мөлшері жоғары (60% жəне одан жоғары) болады. Бұл мұнайларда ал-
кандар аз. Шайыр мен асфальтендендер шектеулі мөлшерде.
Парафин-нафтен-аренді мұнайларда көмірсутектердің 3 класы да 
бірдей мөлшерде кездеседі. Қатты парафиндер аз (1,5%-дан көп емес), 
ал шайыр мен асфальтендер мөлшері 10%-ға жетеді. Нафтенді-аро-
матты мұнайларда циклоалкандар мен арендердің мөлшері басымдау, 
əсіресе ауыр фракцияларында. Алкандар тек жеңіл фракцияларында 
аз мөлшерде болады. Қатты парафиндер мөлшері мұнайларда 0,3%-
дан жоғары емес, ал шайыр мен асфальтендер 15-20%.
Ароматтылық мұнайларға жоғары тығыздық тəн. Мұндай 
мұнайлардың барлық фракцияларында арендер көп болады. 
Ароматтылық мұнайларға Қазақстандағы Прорва, Поволжьедегі Бу-
гурушан мұнайлары жатады. ГрозМҒЗИ мұнайдың химиялық класси-
фикациялануы оның толық химиялық құрамына негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет