58
Бұл циклопарафиндерді Морковников нафтендер деп атады. Кейін
нафтенді көмірсутектер құрамында тек
моноциклді ғана емес поли-
циклді де көмірсутектер бар екені белгілі болды. Басқа көмірсутектер
құрамына қарағанда нафтендер мұнайдың құрамында көп кездесуімен
ерекшеленеді. Əртүрлі мұнайда орташа 25-75%-ға дейін полиметилен-
ді көмірсутектер типтері кездеседі. Нафтендер барлық мұнайлардың
құрамына кіреді жəне барлық фракцияларда кездеседі, əсіресе, Баку
жəне Ембі мұнайларында нафтен көп – 40-60%. Жай циклоалкандар:
цикло-пропан жəне циклобутан мұнайдан табылған. Моноциклді
наф тендерден циклопентан, циклогексан кездеседі.
Метилцикло-гек-
сан кейбір диметилді циклопентан гомологтары салыстырмалы көп
мөлшерде кездеседі. 200°С-ден жоғары фракцияларда нафтендер
құрылысы толық анықталмаған. Бұл фракцияларға циклогексан го-
мологтарымен қатар бициклді жəне полициклді нафтендердің кезде-
суі мүмкін.
Морковников өткен ғасырда-ақ конденсацияланбаған бициклді
көмірсутек дициклогексилді бөлді. Көптеген мұнайларда сақиналы
конденсирленген түрлерінің алғашқы өкілі декалин табылған. Кей
мұнайларда гидриндан, пергидраперин
табылған нафтен көмір-
сутектерінің бүйір тізбегіндегі көмірсутек атомдарының саны əртүрлі
(3-10-ға дейін), ал мұнайдың қайнауы жоғары фракциялары 20-28-ге
дейін кездеседі. Химиялық қасиеттері бойынша нафтендер алкандарға
жақын. Олар галогендермен жəне НNO
3
-мен реакцияласады,
нəтижесінде екінші жəне үшінші нитро- жəне галоген- қосылыстары
түзіледі. Олар тотығады. Зелинский реакциясы арқылы циклогексан
көмірсутектерін дегидрлеп, оған сəйкес ароматты қосылыстар алады.
Жоғары температурада жəне əртүрлі катализатор қатысумен нафтен-
дер ыдырайды жəне сақинада көміртегі атомдары санын өзгертіп изо-
мерленеді. Əзірбайжанда шығарылған
нафталин мұнайының ерекше
физиологиялық қасиеті бар. Ол жартылай нафтен жəне жартылай
поли
циклді көмірсутектерден тұрады. Бұл – дүниежүзіндегі емдік
қасиеті бар мұнай, тері, бұлшық ет жəне буын ауруларын емдейді.
Арендер
. Мұнайларда 15-50%-ға дейін кездеседі. Бензол жəне
оның гомологтары түрінде қос, көп сақиналы туындылары, сол сияқты
гибридті түрлері де кездеседі. Бензолдың С
10
құрамындағы гомолог-
тары негізінен 180-200°С фракцияларында кездеседі.
Олардың ара-
сында 4-метил жəне 2-метилді туындылары көбірек. Мұнайдың орта
фракцияларында (180-200°С) бензол туындыларынан бөлек нафталин
59
жəне оның туындылары кездеседі. Мұнайдың жоғары температурада
қайнайтын фракцияларында 3,4 жəне 5 бензол сақиналары бар екен-
дігі анықталған. Олар аценафтен, антрацен, фенантрен.
Арендердің детонациялық тұрақтылығы жоғары,
октан саны да
жоғары. Метил тобының мета- жəне пара- орындарында болуы октан
санын өсіреді, ал орто- орындағысын кемітеді.
Арендердің тұтануы төмен, цетан саны да төмен. Сондықтан тез
жүретін дизельдерде арендері бар отындар көп қолданылмайды.
Бүйірлі тізбегі қысқа, көп сақиналы арендерді мұнайды вакуум-
да айдағанда май фракцияларынан əртүрлі тазалау əдістерімен
бөліп жіберу керек, себебі олардың май құрамында болуы майлай-
тын майлардың сапасын төмендетеді. Арендер мұнай-химия жəне
органикалық
синтезге қажетті, өте құнды шикізат. Олардан хи-
мия өндірісінде синтетикалық каучуктер, пластмассалар, жасанды
талшықтар, бояулар, фармацевтикалық заттар өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: