Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


IV тарау Мұнайдың құрамы жəне классификациясы



Pdf көрінісі
бет26/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   150
Байланысты:
munai

IV тарау
Мұнайдың құрамы жəне классификациясы
4.1. Мұнайдың фракциялық, химиялық, элементтік құрамы
Мұнайдың фракциялық құрамы. 
Мұнай жəне мұнай өнімдері 
көмірсутекті қосылыстардың қоспасын құрайды, оларды жеке тəсіл-
дермен бөлу мүмкін емес. Алғашқыда мұнайды жəне мұнай өнімдерін 
айдау тəсілі арқылы күрделілігі аздау бөліктерге бөледі. Мұндай 
бөліктерді фракциялар немесе дистилляттар деп атайды. Мұнай 
көмірсутектерінің жеке қосылыстардан айырмашылығы – жеке 
қайнау температурасы болмайды. Олар белгілі аралық температурада 
қайнайды, яғни олардың бастапқы қайнау (б.қ.) жəне соңғы қайнау 
(с.қ.) температурасы болады. Ол фракцияның химиялық құрамына 
байланысты. Олай болса, мұнай мен мұнай өнімдерінің фракциялық 
құрамы, олардағы белгілі бір температура шегінде қайнайтын əртүрлі 
фракциялардың мөлшерін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің іс жүзіндегі 
мəні үлкен, яғни фракциялық құрамға қарап, одан қандай мұнай 
өнімдерін жəне қандай мөлшерде алуға болатыны анықталады. 
Мұнай сияқты өте күрделі қоспаны қыздырғанда бу фазасы алды-
мен жоғары ұшқыштық қабілеті бар төмен температурада қайнаушы 
компоненттерге ауысады. Олармен бірге аздап жоғары температу-
рада қайнайтын компоненттер ілесіп кетеді, бірақ төменгі темпера-
турада қайнайтын компоненттің булардағы концентрациясы қайнап 
жатқан сұйықтықтағыға қарағанда əрдайым көп. Төменгі темпе-
ратурада қайнайтын компонент бөлінген сайын, қалдық жоғары 
қайнайтын компоненттермен байи түседі. Қайнау тоқтаусыз жүру 
үшін қыздыруды жалғастыра береді. Бөлінген бу конденсациялана-
ды, конденсат əртүрлі мұнай фракциялары күйінде компоненттердің 
аралық қайнау температурасына байланысты бөлінеді. 
Мұнайлар мен мұнай дистилляттарының фракциялық құрамын 
анықтау үшін зертханада айдаудың төмендегідей 5 əдісі көп қолда-
ныс табуда.
1. Төменгі температурада жүрізілетін ректификация – сұйытылған 
газдар жəне 200°С төменгі температурада қайнайтын көмірсутектер 
фракциясы үшін.
2. Орта температурада жүргізілетін айдау – 350°С-те дейін қай-
найтын мұнай өнімдері үшін.


53
3. 300°С-ден жоғары температурада қайнайтын сұйықтарды ва-
куумды айдау.
4. Жоғары молекулалы заттарды (шайырларды) молекулалық дис-
тилляциялау.
5. Біртіндеп буландыру əдісімен айдау.
Жаңа мұнайларды зерттегенде фракциялық құрамдағы ректи-
фикациялық бағаналармен жабдықталған стандартты айдау аппарат-
тарында анықтайды. 200°С-ге дейін қайнайтын фракцияларды алуды 
атмосфералық қысымда, ал одан жоғары температурада қайнайтын 
фракцияларды термиялық ыдырау болдырмау мақсатында əртүрлі 
вакуумда, яғни атмосфералық қысымнан біршама төмен қысымда 
жүргізеді. Бөлінетін фракциялар мен дистилляттар: бензин б.қ. – 
180°С, керосин – 180-240°С, дизель – 240-350°С.
Осы дистилляттардан мөлдір мұнай өнімдерін дайындайды:
1) ұшақ жəне автомобиль бензиндерін;
2) еріткіш бензиндерді;
3) ұшақ жəне жарық беруші керосиндерді;
4) дизель отынының əртүрлі сорттарын.
Барлық мұнай өнімдері үшін МЕСТ-ке сəйкес белгілі фракциялық 
құрам нормаланады (белгіленеді). Мөлдір мұнай дистилляттарды 
бөліп алғаннан кейінгі қалдықты мазут деп атайды. Мазутты вакуум-
да келесідей фракцияларға бөледі:
350-450°С – жеңіл дистиллятты майлар алуға қажетті;
420-500°С – ауыр дистиллятты майлар алуға қажетті жəне т.б.
Мазутты айдаудан қалған қалдықты (500°С) гудрон немесе жарты-
лай гудрон деп атайды.
Мұнайдың элементтік құрамы.
Мұнай əлемнің əр түкпірінде, 
əртүрлі геологиялық жағдайларда кездесіп, əртүрлі тереңдікте ор-
наласуына қарамастан, оның элементтік құрамы өте аз мөлшерде 
өзгереді. Мұнай құрамына кіретін негізгі элементтер: көміртегі 
– 82%-87%, сутегі – 11%-15%, мұнайларда азот мөлшері əдетте аз – 
0,001-0,3%, оттегі мөлшері – 0,1-1,5%. Мұнайлардың құрамында өте 
аз мөлшерде басқа элементтер қосылыстары: ванадий, хром, никель, 
темір, кобальт, магний, титан, мыс, калий, кальций, германий, фос-
фор, кремний жəне т.б. кездеседі. 
Элементтік құрамына сəйкес мұнайдың негізгі массалық құрамдасы 
көмірсутегі болып табылады.


54
4-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет