Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет19/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150
Байланысты:
munai

Табиғаттағы мұнай. 
Табиғатта мұнай сұйық жинала жəне қозғала 
алатын кеуекті жыныстарда орналасады. Мұндай жыныстарды кол-
лек 
торлар деп атайды. Мұнайдың маңызды коллекторлары құм, 
құмайттар, конгломераттар жəне басқа да жарықты жыныстар болып 
табылады. 
Бірақ кен шөгіндісі түзілу үшін олардың көшуіне кедергі кел-
тіретін, өткізбейтін жыныстардың болуы қажет. Əдетте коллектор 
қыртыс-еңіспен орналасады, сол себепті мұнай мен газ жоғары өте 
алады. Егер олардың үстіңгі қабатқа шығуына жыныс қатпарлары 
жəне басқа да тосқауылдар кедергі келтіретін болса, қақпандар тү-
зеді. Қақпандардың жоғарғы бөлігін – «газ қалпағы» алып жатады. 
Осылайша, мұнай кен орнын табу үшін ол жиналып қалуы мүмкін 
болатын қақпандарды табу керек. 


38
Жер қойнауының белгілі бір жер телімінде пайда болған жеке дара 
мұнай шоғырларының жиынтығын 
кен орны
деп атайды. Кен орны 
бір қабатты немесе көп қабатты болуы мүмкін. Орташа есеппен бір 
кен орны шамамен үш қабаттан тұрады. Мұнай кен көздері деп оның 
жер қыртысында өз бетімен көп шоғырланған жерлерін айтады. 
Мұнайдың əр уақыттағы «жолай» серігі мұнай газы жəне суы. 
Жоғары қысымдағы газ мұнай бетінде жатады жəне бір бөлігі еріген 
күйде болады, су қыртыстардың терең жерлерінде болады.
Жыныстағы мұнайдың сумен араласқан ең көп шоғырланған бөлігі 
– мұнайдың кеніш көздері деп аталады, мұнайлы кеніш көздерінде 
газ бен су бірге жинақталады. Егер кеніште əрі мұнай, əрі газ бос 
күйінде кездессе, онда оны 
мұнайлы газ
деп атайды. Ал егер жыныс 
тек газдан тұрса, онда ондай кенішті –
 газдық кеніш көзі
деп атайды. 
Бір кеніште бірнеше мұнай немесе газ кен көзі болады, олар біріккен 
күйде де кездесуі ықтимал. 
Мұнайлық, газдық жəне мұнайлы-газдық кеніштерде жиналған 
сұйық пен газ қабаттарда коллектордың кеуекті кеңістіктерін толтыра 
кеуекті, жарықтық жыныс күйінде болады. Коллектордың ішінде 
газ, мұнай жəне су өздерінің тығыздығына байланысты орналасады. 
Үстіңгі қабатында газ, одан кейінгі қабатта мұнай, ал одан төменгі 
қабатында су орналасады. Коллектордың жоғарғы қабатындағы газ-
дың шоғырлануы – 
«газқалпағы»
деп аталады. Мұнай мөлшері газдан 
кем болған жағдайда, газдық кеніштің шоғырлануы – мұнайдың 
жиектелуі деп аталады.
Мұнай мен газ пайда болған жерінен, шоғырланған жеріне ауысуы 
мүмкін, оны 
миграция
деп атайды. Миграция кезінде мұнай жыныс 
кеуектері мен саңылау жарықтары арқылы қозғала алады. Кеніште 
мұнай немесе газ жиналатын аудан – 
«дренаж»
ауданы деп аталады.
Кеніштің өнім қабаттарын қанықтыратын сұйық пен газ, 
«қабат 
қысымы»
деп аталатын белгілі қысымда болады. Мұнай кеніштерін 
ашқанға дейін газ, мұнай жəне су арасындағы қысым тепе-теңдік 
қалыпта болса, мұнай беретін қабат ашылысымен, ұңғыма түптерін-
дегі қысым – қабат қысымнан төмен болады. Осының салдарынан 
жеңілірек газ бен мұнай сумен бірге жоғары қабатқа ұмтылады. 
Судың біраз бөлігі қабатта, біріккен су қабатын құрып, қалып қояды. 
Əдетте, мұнай кеніштерінде 10-12% біріккен су кездеседі, кейде оның 
мөлшері 40%-ға дейін жетеді.


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет