Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


III тарау Мұнайды іздеу-барлау жұмыстары



Pdf көрінісі
бет18/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   150
Байланысты:
munai

III тарау
Мұнайды іздеу-барлау жұмыстары. 
Мұнайды өндірудің əдіс-тəсілдері 
3.1. Мұнайдың түзілуінің қазіргі ғылыми дəлелдемелері
Мұнайдың түзілуін анықтау қазіргі ғылымның күрделі мəселеле рі-
нің бірі болып табылады. Геологтар мен химиктердің басым көп ші лі-
гі мұнайдың түзілуінің органикалық теориясын жақтайды, бірақ кей-
бір ғалымдар мұнайдың анорганикалық заттардың əртүрлі химиялық 
өзгерісінің нəтижесінде табиғатта абиогенді тəсілмен түзілуін жақ-
тайды. 
Қазіргі заманғы ғылыми əлемде мұнайдың пайда болуының екі 
негізгі гипотезасы бар. 
Мұнайдың анорганикалық түзілу гипотезасын алғашқылардың 
бі 
рі болып Д.И.Менделеев 1877 жылы ұсынды. Оның жорамалы 
бойын ша, мұнай көмірсутектері жер астына да металл карбидтерінің 
су мен əрекеттесуі нəтижесінде түзіледі. Бірақ мұнай құрамындағы 
көптеген əртүрлі құрылымды көмірсутектердің пайда болуын карбид 
теориясымен түсіндіру мүмкін емес.
Ең алғаш мұнайдың биогендік пайда болу гипотезасын 1763 жылы 
орыс ғалымы М.В.Ломоносов ұсынды. Оның пікірі бойынша, мұнай 
«жер асты отынның тасталған көмірге» əсері арқылы түзіледі.
Қазіргі уақытта бұл гипотезаны дəлелдеу үшін көптеген тəжірибелік 
жұмыстар жүргізілді. 1932 жылы И.М.Губкин мұнайдың биогенді 
пайда болуының соңғы пікірін ұсынды. Ол мұнайдың түзілуінің бас-
тапқы заты – сапропель деп қарастырады. Сапропель – ыдыраған 
төмен балдырлар мен су қоймаларының микроағзаларынан тұратын 
ор 
ганикалық тұнбалар. Органикалық қалдықтармен байытылған 
сап 
ропельді қабаттар жердің тереңдігіне түскен сайын, оның тем-
пературасы мен қысымы өседі. Нəтижесінде, органикалық зат мұнайға 
айналады.
Губкиннің пікірі бойынша, мұнайдың түзілу процесі ұзақ, үздіксіз 
жəне деңгейлі болып табылады. Ол мұнай мен газдың түзілуінің 
органикалық материалдардың қалдықта жиналуы, таралған мұнайдың 
түзілуі, бұл мұнайдың аналық шөгінділерінен кеуек тектерге өтуі 
(топырақтар, ізбес тасы) сияқты деңгейлерін ажыратты. 


36
Аналық шөгінділер деп алғашқыда органикалық заттармен байы-
тылған, кейінірек, мұнай мен газдың қайнар көзі болған тектерді 
атайды. Барлық мұнай кен орындары құм, топырақ, саз, шөл далада 
орналасқан.
Академик Трофимук И.М. Губкиннің ұсынған теориясын нақ-
тылап, толықтырды. Ол мұнайдың пайда болуының бес негізгі 
деңгейшелерін ұсынды:
Бірінші деңгей – қалдықтың жиналуы. Өсімдікті жəне тірі ағза-
лардың қалдықтарының жойылуынан кейін, олар өзенді немесе көлді 
суқоймаларының түбіне түсіп, минералды қалдықтардың орнында 
пайда болған тұнбаларда жиналады.
Екінші деңгей – биохимиялық. Суқоймаларының түбінде жинал-
ған органикалық қалдық тығыздалады, күрделенеді жəне биохимия-
лық процестердің өтуі арқылы оттектің органикалық қызметі арқылы 
сусызданады.
Үшінші деңгей – протокатагенез. Органикалық қалдықтардың 
қа баты тереңдікке баяу түсе отырып, беті жас жаңа қалдықтардың 
қа батымен жабылады. Тереңдеген сайын, қабатта қысым мен тем-
пература ақырындап жоғарылайды. Микроорганизмдердің жойы луы 
нəтижесінде, биохимиялық процестер толығымен сөнеді.
Төртінші деңгей – мезокатагенез. Қалдық 3-4 км тереңдікке тү-
седі, температура 150°С-ге дейін өседі. Органикалық зат белсенді 
термокаталитикалық дестркуцияға ұшырайды. Термокаталитикалық 
деструкция процесі барысында мұнай құрамындағы көмірсутектердің 
барлық жиынына ие болатын, қозғалмалы битумды заттардың біраз 
мөлшері түзіледі.
Бесінші деңгей – апокатагенез. Бұл деңгей 4-5 км тереңдікте, 
180-250°С температурада өтеді. Қалдық қабаттардың тереңдігінің 
өсуімен бірге, мұнай алкандардың үлесінің артуымен қатар, төмен 
тем пературада қайнайтын көмірсутектермен байытылады.
Қазіргі заманға сай органикалық теория сапропелитті заттарды 
ғана емес, сапропелитті-гумусты заттарды да қарастырады. Гумусты 
заттар жоғары өсімдіктердің органикалық қалдықтарының ыдырауы 
нəтижесінде түзіледі.
Қазіргі кездегі мұнай туралы дүниежүзілік ғылымның гео ло гия -
лық жəне биохимиялық байқауларының жəне нақты фактілерінің көп-
шілік бөлігі көмірсутектер түзілуінің əртүрлі процестерінің ау қымын 


37
қоса есептегенде мұнайдың органикалық түзілу жора малын жақсы 
дəлелдейді. Əсіресе, ескі шөгінді жыныстармен қазіргі жыныстардағы 
тірі заттар мен органикалық қосылыстар компоненттерінің арасында 
генетикалық байланыстың барлығын дəлелдей түседі. Органикалық 
түзілімді көмірсутектерінің мөлшері жер қыртысында өте көп. Олар 
мұнай мен газ қорын түзуге жеткілікті. Мұнай түзілуінің органикалық 
теориясының мəні – мұнай мен газ жер қыртысында шашыранды 
күйінде кездесетін органикалық заттардан түзіледі деген қағида. 
Жер қыртысында жинаушы органикалық материалдың негізін теңіз 
суындағы өлген өте ұсақ флора мен фауна қалдықтары да араласады. 
Шөгінді жыныстардың жоғарғы қабатында көмілген органикалық 
материалдар оттегі мен бактериялардың əсерінен газдар (СО
2

NH
3
, CH
4
, N
2
жəне т.б) жəне суда еритін сұйық өнімдер түзіп, тез 
ыдырайды. Химиялық жəне бактериялық əсерге өте тұрақты бастапқы 
материалдардың бір бөлігі шөгіндіде қалады. Одан əрі органикалық 
заттардың шөгінді жыныстарының қабатына 1,5-3 км жəне көп млн. 
жылдар бойы одан да төмен батқан сайын, тотықсыздану ортасында 
оларға жоғары температураның (шамамен, 120-150°С, 200°С сирек) 
жəне қысымның 10-30 МПа, сонымен бірге арадағы жыныстардың 
каталитикалық əсерлері болады. Қазіргі көзқарастар бойынша, бұл 
сатыда термиялық жəне термокаталитикалық процестер нəтижесінде 
органикалық заттар жəне негізінен липидтер (майлар, ақуыздар) 
мұнай көмірсутектеріне ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет