Əлемдегі ең ірі мұнай өндірушілер
(Халықаралық энергетикалық агенттігінің берілгені бойынша)
Мем ле кет
2008
2006
2003
Өндіру,
млн.
тонна
Əлемдік
нарық-
тың
үлесі,%
Өндіру,
млн.
тонна
Əлемдік
нарық-
тың
үлесі,%
Өндіру,
млн.
тонна
Əлемдік
нарық-
тың
үлесі,%
Сауд
Арабия сы
480
9,1
477
12,1
419
11,3
Ресей
488
9,2
507
12,9
470
12,7
АҚШ
294
5,6
310
7,9
348
9,4
Иран
252
4,8
216
5,5
194
5,2
Қытай
189
3,5
184
4,7
165
4,4
Мексика
167,94
3,2
183
4,6
189
5,1
Канада
173,4
3,3
151
3,8
138
3,7
Венесуэла
180
3,4
151
3,8
149
4
Қазақстан
70
1,3
64,9
1,7
51,3
1,2
Басқа
мем ле -
кеттер
2985,56 56
1692,1
43
1589,7
43
Əлемдік
мұнай
өндіру
100
3936
100
3710
100
2.7. Əлемдегі мұнай компанияларының
Қазақстан нарығындағы үлесі
Қазмұнайгаз – мұнай өндіру, мұнай кен орнын зерттеу, өңдеу жəне
тасымалдау бойынша Қазақстанның Ұлттық мұнай-газ компаниясы.
Қазмұнайгаз құрамында «Қазмұнайгаз» игеру, өндіру, «Қазақойл»
– Ақтөбе (67%), Маңғыстаумұнайгаз (50%), Теңіз-Шевройл (20%),
Қашаған (16,81%) жəне басқа компаниялар бар.
34
Қазақстанда Қазмұнайгаздың мұнайды жалпы өндіруі 18,7% млн.
тоннаны құрайды. Қазақстандық мұнай компанияларға «Тристар»
(Өлі Құтлук-50%), Аday Petroleum (Адай), Жалғызтөбемұнай (Жал -
ғызтөбе), Аral Petroleum (Арыс), Толқынмұнайгаз (Толқын), Қаз-
полмұнай (Боранкөл), Хазармұнай, Емиройл (Емир), Анако (Қы-
рық мылтық – 81%), Айдан мұнай (Блиновское), Қазмұнайхим-Қопа
(Таған Оңтүстік) жəне басқалары жатады.
Қазақстандағы ресейлік мұнай компанияларына Лукойл мен Рос-
мұнай жатады. Лукойлдың Теңізде (2,5%), Қарашығанақта (15%),
Солтүстік Бозашыда (25%), Қарақұдықта (62,5%), Арманда (50%),
Солтүстік Құмкөлде (33%), Қожасайда (33%), Əлібекмолада (50%)
үлесі, Росмұнайдың Құрманғазыда (50%) үлесі бар. Қазақстанда
барлық Ресейлік компаниялардың 2008 жылы мұнайдың жалпы
өндірілуі 4,166 млн.тоннаны құрады.
Қазақстандағы америкалық жəне еуропалық компаниялар: Chev-
ron (Теңіз – 50%, Қашаған – 16,81%, Қарашығанақ – 20%); Eni (Қара-
шығанақ – 25%, Қашаған – 16,81%); Total (Қашаған – 16,81%); Exx-
on Mobil (Теңіз-25%, Қашаған – 16,81%), Conoco Phillips (Қашаған
– 8,4%), Repsol YPF (Жамбай Оңтүстік – 25%,), Royal Dutch Shell
(Қашаған – 16,81%, Арман – 50%,).
Американдық жəне еуропалық мұнай компанияларының Қазақ-
стан мұнай нарығындағы үлесі 2008 жылы 42%-ды құрады.
Қазақстан нарығына Қытай компаниялары CNPC Ақтөбе мұ най-
газды сатып алған уақытта 1997 жылы келді. 2001 жылы CNPC Bu-
zachi Operating Ltd. Солтүстік Бозашы компаниясының 50%-ын
сатып алды. 2006 жылы CNPC Petro Kazakhstan сатып алды, ал Қытай
тобы CITIC Қаражанбас мұнайдың 50%-ын сатып алды.
Қазақстанда барлық қытай компанияларының мұнай өндіруі 17,2
млн. тоннаны құрайды.
Қазақстандағы азиялық компаниялар: Inpex (Қашаған – 7,56%),
Mittal Investments (Қарақұдық – 37,5%, Солтүстік Бозашыда – 25%,
Жамбай Оңтүстік – 12,5%, Сəтбаев – 25%), JNNK (Құланды – 50%),
ONGC Videsh Ltd. (Сəтбаев – 25%), Қазақтүркмұнай (Сазтөбе, Елемес
– 49%).
Қазақстан Республикасының тəуелсіздік жылдарындағы жалпы
мұнай өндірісі 788,4 млн. тоннаға дейін жетті. Оның ішінде ірі мұнай
кен орындары Қашаған мен Теңіз Қазақстанды мұнаймен қарқынды
қамтамасыз етуде (6-кесте).
|