Тас көмір.
Көмір – органикалық тегі бар отын. Ол энергетика лық
қайнар көздің ең кең тараған түрі болып табылады. Оның қоры мұ-
най мен газдың қорының қосындысынан арта түседі. Əлемдік иге-
рілген тас көмір қоры 5 трлн. құрайды. Көмірлік қорлар əлемнің
75 мемлеке тінде игерілген, оның 96% АҚШ (445 млрд. т), Қытай
(272млрд. т), Ресей (200 млрд. т), ОАР (130 млрд. т), Алмания
(100 млрд. т), Австралия (90 млрд. т), Ұлыбритания (50 млрд. т),
Канада (50 млрд. т), Индия (29 млрд. т) жəне Польша (25 млрд. т)
сияқты мемлекеттерде өн дірілген.
Электроэнергияны шығару үшін өндірілетін көмірдің
65%-ы жұмсалады. Бұл салада көмірді қолдану оның жануы кезінде
кө мірқышқыл газының түзілуіне байланысты, себебі жану барысын-
да көмірқышқыл газыдың түзілуі – Бүкіл Əлемде парникті эффек тің
пайда болуына əкеледі. Көмір металлургия саласында белсенді түр де
қолданылады.
Ядролы отын.
ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап индустри-
алды дамыған мемлекеттердің отындық-энергетикалық балансында
атомдық энергияның үлесі өсе бастады. «Атомды белсенді» жылдар
70 жылдар болып саналады. Бұл жылдары көптеген мемлекеттерде
атомдық энергетиканың дамуы бойынша əртүрлі жобалар жүзеге
асты. 80 жылдардың ортасында əлемдегі атомдық энергетиканың ірі
300
процуденттері АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Канада, ГФР, Испания,
Бельгия мемлекеттері саналады.
Ядролы энергетика үшін қазірігі заманға сай отынды қайнар көзі
– уранды өндіруде қолданылатын шығындар бағасымен анықталады.
Бұл шығындар 1 кг U
3
O
8
үшін 130 долларға тең болады. Ядролық
шикізаттың 28%-дан астам үлесі АҚШ жəне Канадаға, 23%-ы
Австралияға, 14%-ы ОАР, 7%-ы Бразилия үлесіне тиеді.
Торий қоры 630 мың тоннаға бағаланады, оның жартысы Индияда,
ал қалған үлесі – Австралияда, Бразилияда, Малайзияда жəне АҚШ-
та орналасқан.
Энергетикалық реакторлар бойынша, ХАЭА ақпараттық
жүйесінің берілгені бойынша 1994 жылдың аяғында 30 мемлекетте
қуаттылығы 340 ГВт болатын 432 АЭС пайдаланылды. Оларда 17%-
ға жуық жалпыəлемдік электрэнергияның үлесі өндірілді. Ядролы
энергетиканың қарқыны кемісе де, бірқатар мемлекеттерде 1994
жылы 15 мемлекетте 48 АЭС салынды. Тынық мұхит аймағындағы
бірқатар мемлекеттерде АЭС құрылысы жоспарланып отыр.
1991 жылдары электр энергияның үлесі 30%-ға жетіп, екі есе
артты. Бұл қарқын əлі де сақталып отыр. Алдағы жоспар бойынша
бүкіл əлемде энергияны қолдану қарқыны үлкен сұранысқа ие
болады. Ядролы энергия бүгінгі күні адамзатты ұзақ мерзімді
жоспар бойынша қамтамасыз ететін болашағы зор қайнар көзі болып
табылады. Гидроэнергияның үлесі 20%-ға жуық шаманы, ал басқа
электрэнергияның үлесі электрэнергияның əлемдік өндірісінің 0,5%-
ын құрайды.
45-сурет.
Əлемде əртүрлі энергияның қайнар көзін қолдану
301
Достарыңызбен бөлісу: |