Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Табиғи жəне ілеспе газдардың орташа құрамы



Pdf көрінісі
бет139/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   150
Байланысты:
munai

Табиғи жəне ілеспе газдардың орташа құрамы
Қ/с
Табиғи газ, (%)
Мұнайға серіктес газдар, (%)
1.
CH
4
80-97
CH
4
30
2.
C
2
H
6
0,4-4
C
2
H
6
7,5
3.
C
3
H
8
0,2-1,5
C
3
H
8
21,5
4.
C
4
H
10
0,1-1
C
4
H
10
20,4
5.
C
5
H
12
0-1
C
5
H
12
жəне жоғары 19,8
6.
N
2
2-13
N
2
, CO
2
инертті газдар болмайды
Газ тəріздес алкандар.
Өндіру əдістеріне жəне кенорындарына 
байланысты көмірсутек газдары табиғи, ілеспе жəне конденсат 
кенорнының газы деп бөлінеді. Табиғи газдар таза газ кеніштерінен 
өндіріліп, көбінесе метаннан, аздаған мөлшерде этан, пропан, бутан 
жəне пентаннан тұрады. Сонымен қатар, олардың құрамында азот, 
күкіртті сутегі жəне азоттың басқа да оксидтері кездеседі. Бұл газдар 
құрғақ газдар тобына жатады. Олардағы метанның мөлшері 93-
99%-ға жуық, ал этан мен пропан болмашы мөлшерде. Бұл газдар 
құрамында азот пен көмір-қышқыл газы өте аз көлемде болады.
Газ-кен орындарында өндірілетін табиғи газдарда көп жағдайда 
құрамында 82-98% метан, 6%-ға жуық бутан болса, ол мұнай өнді-
рісіндегі қосымша өндірілген газдарда метанның мөлшері 40-85% 
аралығында жəне де этан мен пропан 20 % тең болады. Ал зауыт 
газдары парафин мен олефин көмірсутектерінен тұрады, пластика-
лық массаларды жəне басқа да заттарды синтездеуге қолданылады. 
Жанғыш газдар көмірсутектермен қатар жеке сутегі, көмірсутегі 
оксиді, азот, оттегі, күкіртті сутегі газы, судың буы жəне тағы басқа 


294
көптеген заттардан тұрады. Бұл аталған заттардың кейбіреулері ке-
рісінше отынның жылу бөлгіштігін азайта түседі. Сондықтан газдар-
ды пайдалану алдында оларды қажетсіз заттардан арнайы тазартады. 
Газ тəрізді отындар жанғандағы бөлетін жылу мөлшеріне 
байланысты үш топқа бөлінеді: 
1. Жоғары калориялы, яғни жану жылулығы 20000 кДж/м
3
-ден 
жоғары отындар (табиғи жəне мұнай мен газ өндіру кезінде алынған 
газдар). 
2. Жану жылулығы 10000-20000 кДж/м
3
аралығындағы орта 
калориялы газдар.
3. Төменгі калориялы, жану жылулығы 10000 кДж/м
3
де-йінгі 
газдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет