Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


-сурет.  Гидрокрекингтің принципті сызбанұсқасы 287 Жеңіл гидрокрекинг



Pdf көрінісі
бет136/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   150
Байланысты:
munai

44-сурет
Гидрокрекингтің принципті сызбанұсқасы


287
Жеңіл гидрокрекинг
– қысым 10-12 МПа, температура 380-420°С 
болғанда жəне сутек артық мөлшерде алынғанда бір реакторда ғана 
(бір кезеңде) катализаторлар қатысуымен өтетін процесс. Бұл процесс 
нəтижесінде бензин мен дизельдік отын, катализдік крекингке немесе 
майлар өндірісіне арналған шикізат алынады. Шикізаттың жеңілірек 
өнімдерге айналдырылуы шамамен 60%-да жүргізіледі. Бір кезеңді 
гидрокрекингтің бір нұсқасы қалдықты реакторға кері айналдыруға 
мүмкіндік беретін үдеріс болып табылады, бұл конверсияны артты-
рып, өнімдердің құрамын өзгертеді.
Ауыр гидрокрекинг
– қысым 12-16 МПа, температура 380-420°С 
жағдайында, сутек артық мөлшерде алынып бірнеше реакторда 
(бірнеше кезеңде) өтетін үдеріс, ол дизельдік отын, керосин 
фракцияларын алуға бағытталады. Шикізаттың жеңілірек өнімдерге 
айналдырылуы – 99%.
Гидрокрекингтің артықшылықтары:
- үдерістің жоғары талғамдылығы; 
- түрлі өнімдердің арақатынасын кең ауқымда өзгерту мүмкіндігі.
Гидрокрекингтен кейінгі қалдық бір кезеңді үдеріске қарағанда, 
анағұрлым тереңірек өңдеуден өтеді. Оның құрамында күкірт пен 
азоттың мөлшері өте аз болады, қанықпаған көмірсутектердің мөлшері 
де айтарлықтай төмен, ал тұтқырлық индексі жоғары, бұл осы өнімді 
II жəне III топтағы жоғары сапалы майлар өндірісіне арналған шикізат 
ретінде одан əрі қолдануға мүмкіндік береді. 
Бұл үшін изодепарафиндеу (IDW) жəне гидрофишинг (HF) 
үдерістері қолданылады. Гидрофишинг əдісін пайдаланып (жоғары 
температура мен қысым кезінде сутекпен əсер ету), қанықпаған жəне 
хош иісті (ароматты) көмірсутектерді қаныққан көмірсутектерге 
айналдырады, бұл майдың тотығуға төзімділігін арттырады. 
Осындай əдіспен IDW/HF үдерістерінен өткізілген майдың 
қосымша артықшылығы болады. Бұл əлдеқайда тереңірек өңдеу түрі, 
осылай өңдегенде бірнеше реакция бірден қатар жүреді. Күкіртті 
жəне азотты қоспалар кетіріледі, хош иісті (ароматты) сақиналар 
ыдырайды, қанықпаған көмірсутектер шегіне жете қанықтырылады, 
ұзын парафинді тізбектер май үшін қажетті изомерленген құрылы-
мына айналдырылады.


288


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет