XI тарау
Газ өнеркəсібі
Газ тəрізді отын түрлері.
Газ өнеркəсібі – отын өнеркəсібінің
болашағы зор саласы. Газ табиғи жəне жасанды (өндірістік) газдардан
тұрады. Жасанды газдарға қатты отындар – көмірді, жанғыш тақта
тасты жəне шымтезекті зауыттарда өңдеу жолымен алынатын газдар
жатады.
Газ тəрізді отындардың негізгі құрамы көмірсутектерден тұ руына
орай, олардың түрлері осы көмірсутектердің мөлшері мен қасиет-
теріне байланысты болады. Кең қолданылатын газ тəрізді отындар
қатарына табиғи жəне мұнай өндірісінде шығатын ілеспе газдар мен
зауыт газдары жатады. Бұл аталған газдардың құрамына негізінен
бірден төртке дейінгі көміртек атомдарынан тұратын көмірсутектер –
метан, этан, пропан, бутан жəне аз мөлшерде болатын басқа да газдар
кіреді.
11.1. Табиғи газ
Табиғи газды қолдану болашағы бар бағыт болып табылады, се-
бебі табиғи газ жанған уақытта зиянды қалдықтар байқалмайды,
сондай-ақ жақсы қайнар көзге ие болып келеді. Газды қолдану дең-
гейінің электроэнергияны өндіру үшін өсуі күтіліп отыр, бұл газды
турбиналардың ПƏК-нің артуына жəне электрстанциялардың
құрылысына кететін шығындарының төмен көрсеткішіне бай-
ланысты.
Мамандардың есептеуі бойынша, жаңа ғасырдың газды тур би-
налары бар электростанциялар көмірде жұмыс істейтін электро-
станцияларға қарағанда 50% өнімдірек жəне 20% арзан бо лып келеді.
Осыған байланысты, табиғи газ ХХІ ғасырда экологиялық отын ре-
тінде қарастырылады. Табиғи газ химиялық өнеркəсіп үшін де ма ңыз-
ды мəнге ие болады. Осы себептерге байланысты табиғи газ мұ найға
қарағанда, қолайлы отын болып табылады да, мұнайға бəсекелестік
тудырады. Батыс Еуропалық мемлекеттерге газ негізінен Солтүстік
теңізден, Нидерландыдан, Ресей мен Алжирден жеткізіледі.
289
Табиғи газдың əлемдік қоры 2010 жылдың басында 187 трлн.м
3
құрады. Қормен қамтамасыз етілу 70 жылға таяу уақытты құрайды.
Шартты отынға айналдырып санағанда газ қоры дəлелденген мұнай
қорына жақындап келеді. Ал оның өндірілуі мұнай өндірудің 60%-ын
құрайды. Табиғи газдың негізгі қорлары ТМД жəне Таяу Шығыста
орналасқан, ТМД мемлекеттеріне 40% үлес, Таяу Шығысқа 60% үлес
келеді. (5-кесте).
АҚШ мемлекетінің геологиялық мамандары əлі зерттелмеген
қорларды – 137,5 трлн.м
3
, табиғи газдың мүмкін болатын қорларының
жалпы қосындысын 289,4 трлн.м
3
деп бағалайды.
Еліміздегі өндірілетін жəне тұтынылатын газдың көбі – табиғи
газдар. Табиғи газдарға мұнаймен бірге кездесетін газдар жатады,
бұл газдар серіктес газдар деп те аталады. Көбінесе 1 тонна мұнай
өндірілгенде қосымша 100-150 м
3
газ өндіріледі.
Табиғи жанғыш газ – əртүрлі газ түріндегі көмірсутектердің
қоспасы. Таби газ құрамында метан – 80-85%, этан – 4,5-10,5%, пропан
– 1,5%, бутан, пентан – 1% шамасында болады. Көмірсутектерден
басқа азот, сутегі, көміртегі тотығы, көмірқышқыл газы, күкіртті
сутегі т.б. болады.
Дүниежүзінде табиғи газды өндіру, əсіресе XX ғасырдың екінші
жартысынан бастап қарқынды дамып келеді. Оларды өндіру XX ға-
сырдың соңында 14 еседен астам өсіп, 2000 жылы 2,2 трлн. м
3
-ді
құрады. Газдың мұндай тез өсуіне, біріншіден, табиғи газдың үлкен
қорының барлануы, екіншіден, оны тасымалдаудың арзандығы,
үшіншіден, мұнай мен көмірге қарағанда экологиялық тұрғыдан
«таза» отынға жатуы себеп болды.
Дүниежүзінде өндірілген газдың 25%-ға жуығы халықаралық
саудаға түседі.
Табиғи газдың негізгі қорлары Шығыс Еуропа (оның ішінде
Ресейдің үлесі 39,2%-ды құрайды) елдерінің үлесіне тиеді. Сонымен
қатар, Таяу Шығыс, Орта Шығыс елдерінің де үлесі біршама (30%).
Табиғи газға ең бай елдер: Иран, Сауд Арабиясы, АҚШ, Ресей,
Алжир, Біріккен Араб Əмірлігі, Нидерланды, Норвегия жəне Канада.
Жалпы алғанда, рыноктық экономикасы қалыптасқан, өнеркəсібі
дамыған елдердегі табиғи газдың қоры дамушы елдерге қарағанда
290
əлдеқайда төмен. Бірақ өндірілетін газдың басым көпшілігі дамыған
елдерде жəне ТМД елдерінде орналасқан.
Солтүстік теңіз қайраңынан өндірілетін газ су асты құбырлары
арқылы Ұлыбританияға, Норвегияға, Алманияға жеткізіледі. Соңғы
жылдары газ сұйытылған күйде танкерлермен Таяу Шығыс пен
Аустралиядан Жапонияға тасымалдана бастады. Табиғи газды сатудан
Ресей дүниежүзінде жетекші орын алады, ресейлік газ құбырлармен
Европа елдеріне жеткізіледі.
Табиғи жанғыш газдар, мұнай сияқты, бірінші кезекте энер-
гетикалық отын ретінде көп пайдаланылады, оның 10%-ға жуығы
химия өндірісінің қажетіне жұмсалады. Ол металлургия, цемент
жəне шыны өндірісінде, кұрылыс материалдарын өндіруде жəне
коммуналдық-шаруашылық қажетінде көп қолданыс табуда.
Табиғи газдарды ұңғымалар арқылы өндіреді. Оларды өндіруде
бұрқақ əдісі пайдаланылады. Табиғи жанғыш газдар біртекті жəне
табиғи органикалық шикізат, олар келешекте химия технологиясында
көп қолданыс табуы керек деп күтілуде. Соңғы кездерде сығылған
жəне сұйылтылған газдар автокөліктің отыны ретінде көптеп
қолданыс табуда.
Табиғи жəне ілеспе газдар табиғатта үш түрлі кеніштерде кездеседі:
1)
газды
; 2)
газ-мұнайлы;
3)
газ-конденсатты.
Бірінші түрдегі кеніштерде, яғни газдық кеніштерде газ мұнай
кенорындарымен байланыссыз, үлкен табиғи жерасты жинағын
құрайды.
Екінші түрдегі кеніштерде газ мұнаймен бірлесе немесе мұнай
газбен ілесе жүреді. Бірақ газ мұнайдан жеңіл болғандықтан, одан
жоғары орналасады. Əр мұнай-газдық кеніш газдық фактормен, яғни
1 тонна мұнайға келетін газдың көлемімен өлшенеді.
Үшінші түрі, газконденсатты кеніштердің газдары мұнайлы газ-
дарға жатады, олардың құрамында метанның үлесі төмен, ал оның
жоғары гомологтарының үлесі жоғары.
Əртүрлі кен орындарындағы табиғи газдардың құрамы бірдей
емес. Қатты жəне сұйық отындардан газ тəрізді отын ретіндегі табиғи
газ дың үлкен артықшылығы бар. Оның жану кезіндегі қызуы анағұр-
лым жоғары, жану кезінде одан күл қалмайды, жану нəтижесінде
бөлінген өнімдер, экологиялық тұрғыдан айтарлықтай таза болады.
291
Табиғи газ жылу электр станцияларында, зауыттағы қазандық
қондырғыларында, өнеркəсіптік əртүрлі пештерде (домна, мартен,
шыны балқытатын, т.б.) көп қолданылады. Табиғи газдарды домна
пештерінде жағу, кокс шығынын азайтуға, шойындағы күкірт
мөлшерін кемітуге жəне пештердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік
береді. Табиғи газды үй шаруашылығында пайдаланудың маңызы
қан шалықты зор екені белгілі. Қазіргі кезде ол автотранспортта қол-
даныла бастады (үлкен қысыммен баллондарға құйылған күйінде),
ол жағдай бензинді үнемдеуге, двигательді ұзақ пайдалануға мүм-
кіндік береді жəне оның түгелдей толық жанып кетуіне байланысты
ауа бассейні де таза болады. Табиғи газ химия өнеркəсібі үшін аса
маңызды шикізат жəне осыған қатысты оның маңызы барған сайын
арта береді.
Метаннан сутегі, ацетилен, күйе алынады. Этанды дегидрлеп
этилен алады, этилен негізінде əртүрлі синтездер іске асырылады.
Табиғи газ құрамында кездесетін басқа да көмірсутектер халық
шаруашылығының əртүрлі салаларында кең көлемде колданысқа ие.
Табиғи газдың дүниежүзілік потенциалды қоры 330 млрд. ШОТ
немесе 282 трлн. м
3
. Шамамен дүниежүзілік қордың 25% Таяу жəне
Орта Шығыс елдердің үлесінде, бұларда негізінен мұнай ілеспе газы
мына елдерде өндіріледі: Иран, Катар, Абу-Даби, Сауд Арабиясы,
Кувейт, Америкалық континентке табиғи газдың дүниежүзілік өндіріс
қорының 16% келеді, оның ішінде: АҚШ – 6,8%, Канада – 3,1%,
Мексика – 2,6%, Венесуэла – 1,6% иемденеді.
Газдың үлкен қоры Африкада (7,62%) мынадай елдерде орналасқан:
Алжирде (3,8%) жəне Нигерияда (1,8%), сонымен қатар Азияда жəне
(1,0%) жəне Қытайда (0,9%).
Батыс Еуропада табиғи газдың дүниежүзілік өндірілетін қорының
5,8% бар, оның ішінде Норвегияда – 2,1%, Нидерландыда – 1,9% жəне
Ұлыбританияда – 0,9%.
Достарыңызбен бөлісу: |