297
- автомобилдердің пайдалы жүк көтеруі 12-20% төмендейді;
- жол жүру ұзақтығы шамамен 200 км-ге дейін қысқарады;
- ауа-газ қоспаларының жану жылулығының төмендеу салдарынан
біраз мөлшерде двигательдің қуаты азаяды.
Бұл кемістектерді жою двигательдердегі қысым мөлшерін 23-25%-
ке көтеру арқылы жүзеге асырылады.
Іштен жану двигательдері сұйытылған газбен жұмыс істеген кезде
қуаты сығылған газбен жұмыс істегеннен əлдеқайда жоғары болады.
Сұйылтылған газбен істеген кездегі двигательдің жоғалтқан қуатын
оның жұмыс істеу қысымын жоғарылату арқылы толықтырады.
Карбюраторлы двигатель сұйылтылған газбен жұмыс істеген кезде
оның отындағы үлестік жұмсалуы 5-6%-ға төмендейді. Автомобиль
газ баллондары арнайы станцияларда толтырылады.
ҚТПБҚ – қысқы техникалық пропанды-бутан қоспасы. Негізгі
шығарылу мақсаты – коммуналдық тұрмыс қажетіне қолдану.
ЖТПБҚ – жазғы техникалық пропанды-бутан қоспасы. Шығарылу
мақсаты коммуналдық-тұрмыс қажеттілігімен қатар басқа да
жағдайларда қолдануға арналған.
ТБ – техникалық бутан, негізінен коммуналдық-тұрмыстық қажет-
тігімен қатар басқа да мақсатта қолдануға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: