298
Реакциялық мүмкіндік – құрғақ
отынның генераторларда
тез жануын жəне газдану процесінің ауыспалы жұмыс істеу ре-
жимдеріндегі тұрақтылығын көрсетеді.
Ылғалдылық – құрғақ отынның құрамындағы ылғалдылық
мөлшерін белгілі шамамен сипаттайды. Ылғал мен күл отынның ішкі
балласты болып саналады.
Механикалық мықтылық – барлық қатты заттардың қасиеттеріне
сай, сыртқы күштің əсеріне төзімділігін көрсетеді.
Көлемдік масса – құрғақ отынның тығыздығына байланысты
шама.
Бірігу қасиетіне жоғары температурада ұнтақ тəрізді
заттардың
қатты кесекке айналуы жатады.
Газ генераторлардың іші төрт алқапқа (зонаға) бөлінеді.
1. Жану алқабында көмірқышқыл газы (СО
2
) мен су бөлу
экзотермиялық реакциясы жүреді. Реакцияның барысында аздаған
СО газы бөлінеді де, ізінше тотығу реакциясының əсерінен СО
2
-ға
айналып кетеді. Бөлінген жылу мөлшерінің əсерінен бұл алқапта
температура 1200-1500°С дейін көтеріледі. Осының салдарынан
отынның жоғары (2) қабыршағы да қызады.
2. Қалпына келу алқабында көміртектің диоксиді (СО
2
) мен
аздаған метаннан (СН
4
) тұратын жанғыш газ қосымшаларын түзетін
эндотермиялық реакция жүреді де, температура 900-1100
o
С-ға
дейін
төмендейді. Ал егер температура 900°С-дан төмен болса отынды
газдандыру процесі бұзылады.
3. Құрғақ айдау алқабында оттегінің болмауына байланысты
реакция жүрмейді. Ал жанғыш газ қосымшаларының құрғақ отынға
əсер етуінің салдарынан, отыннан судың буы, газдар жəне
шайыр
заттары ығыстырылып, құрғақ айдау процесі өтеді. Температура бұл
алқапта 300-900°С-ға дейін төмендейді.
4. Құрғақ алқабында газдың температурасы 105-300°С мөлшерінде
болғандықтан, отыннан судың буы бөлініп шығады да, генератор
газымен араласады.
Құрғақ отынды газдандырып құрамында СО, Н
2
, СН
4
, N
2
, Н
2
О жəне
шайырлы заттары бар
шикі генератор
газы
алынады. Бұл газдарды
двигатель цилиндрлеріне берер алдында міндетті түрде тазалайды.
299
Түзу процесі өтетін генераторлардың кемшіліктеріне: II алқапта
алынған газдың жанғыш компоненттерінің III жəне IV алқаптағы
алынған өнімдермен (механикалық
қоспалар, судың буы, шайырлы
заттар) ластануын жəне де газ генераторларын құрғақ отынмен тол-
тыру кезінде генератор газдарының бөлінуінің тоқтауын жатқы зуға
болады.
Бұл кемшіліктер бұрылу жəне көлденең процестермен жұмыс
істейтін генераторларда толық жойылған.
Алынған газ сапасы
жағынан да жоғары болады.
Газ генераторларында жану процесі жүру үшін тек ауа мен су буы
берілсе,
аралас газ
, ал қызған көмір арқылы тек судың буын өткізсе,
сулы газ
алынады. Бұл газдар құрамындағы жанғыш қоспалардың
(СО, Н
2
) пайыздық мөлшеріне қарай бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: