Тарих история history


Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
sciPaper168382

Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері...
Серия "История. Философия". № 2(98)/2020
43
қатысты қаулы қабылдады. Қаулы қабылданғаннан кейін көп ұзамай ИКАА беделді көптеген 
халықаралық мұнай компанияларын дербес түрде келіссөздер жүргізетіндігін мәлімдеді. 
Нәтижесінде ИКАА аумағында мұнай кен орындарына шағын және орта мұнай өңдеу 
зауыттарының жобалары қарала бастады. 2012 жылы ExxonMobil, Газпром Нефть, Тотал 
және Шеврон сияқты ірі мұнай компаниялары Ирактың орталық үкіметінің келісімінсіз 
ИКАА-мен тәуелсіз келісім жасасты [23]. 
Керісінше Ирак үкіметі ИКАА-ға қатысты федералды бюджет бөлуді тоқтатты және 
ИКАА-ның Үкіметтің келісімінсіз табиғи қазбаларды игеріп жатқандығын қатаң сынға алып, 
ИКАА-ға қатысты мемлекеттік қаржылық операцияларды тоқтатып тастады. Бұл жағдай 
ИКАА-ның экономикасына, қаржылық әлеуетіне үлкен соққы болды және ИКАА-ның 
жағдайдан шығу үшін дербес түрде шетелдік компаниялар мен кәсіпорындармен бір жақты 
қарым-қатынас орнатуын күшейтті.
 
4)
 
Саяси-әлеуметтік дискриминация 
Саддам Хуссейн режимі құлаған соң Ирактың қоғамы үлкен 3 топқа бөлінді. Олар – 
Ирак халықыныкі 60 пайызын құрайтын араб-шииттер, 20 пайызын құрайтын араб-
сунниттер және 18 пайызын құрайтын күрділер. Саддам Хуссейн режимі кезінде билік 
негізінен араб-сунниттерден құралған элитадан тұрды. Ал, күрділер мен араб-шииттер 
қоғамды басқарушы барлық саладан оқшауландырылды. Саддам Хуссейн үкіметі ыдыраған 
соң билік басына негізінен араб-шииттер келді. Парламент пен жергілікті басқарушы, 
атқарушы, заң шығарушы органдардың басым көпшілігін араб-шииттер иемденді. Араб-
сунниттер мүлде саяси-әлеуметтік үдеріске қатысудан мақрұм қалды. Бұл жағдай Ирак 
қоғамының бөлінуі мен ұлттық-діни қақтығыстар мен қарама-қайшылықтардың 
шиеленісуіне алып келді.
Араб-шииттер тарапынан ИКАА-ның күшеюі мен Ирак Конституциясына сай 
қамтамасыз етілген құзіреттері мен құқықтары Ирактың мемлекет ретіндегі біртұтастығына 
үлкен қауіп төндіреді деп есептелді. Сондықтан ИКАА-ның әр қадамы араб-шииттер 
тарапынан қатаң бақылаумен сарапталды.
Ирактың мемлекеттің басқару формасы унитарлы жүйеден федеративті жүйеге 
ауысқанда мемлекеттің тұрақтылығы мен біртұтастылығын қамтамасыз ететін «ирактілік 
(Iraqness)» идеологиясы де-факто өз күшін жойды. «Ирактілік» идеологиясы Саддам Хуссейн 
режимінің негізгі идеологиясы болатын. Енді Ирак қоғамы аймақтық ерекшелігіне, ұлттық-
діни ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінді. Ал бұл жағдай мемлекеттегі 
тұрақтылықты шайқалтты. Саяси-әлеуметтік тұрғыдан түбегейлі оқшауланған араб-
сунниттер 2014 жылы ИШИМ-нің бас көтеруін алып келді. ИШИМ-нің таралуы және аз 
уақыт аралығында Ирак аумағының басым бөлігін жаулап алуы Ирактың мемлекет ретіндегі 
статусы мен әлеуеттің төмендетті. Керісінше, ИКАА аумағында күрді жалық жасағы – 
Пешмерганың болуы ИКАА-ның Ирак аумағындағы жалғыз қауіпсіз аймаққа айналуына 
алып келді. ИКАА-ның өз аумағын қорғай ИШИМ-нен қорғай алуы Ирак күрділеріне 
тәуелсіз жағдайда өздерін қорғай алатындай сенімділік орнатты Бұл жағдай Ирак 
күрділерінің бөліну немесе сецессионистік қозғалысы идеясын оятуына алып келді.
5)
 
Ирак үкіметінің ассимиляция саясаты 
Ирак монархия жүйесінде басталған арабтандыру саясаты 1957 жылы Ирактағы 
монархия жүйесі құлап, әскери төңкерістің нәтижесінде билікке келген генерал Абд-аль 
Карим Касем билігі кезеңінде де, одан кейін Саддам Хуссейн режимі кезінде белсенді түрде 
жүзеге асырылды. Ирактағы монархия жүйесінің құлауы да күрділердің көмегімен жүзеге 
асты. Касем М.Барзани бастаған КДП мен Пешмерганың көмегімен мемлекеттік төңкерісті 
жүзеге асыра алды. Касем тарапынан күрділерге көмектескен жағдайда Ирак аумағында 
күрді автономиялық аумақтың құрылуына уәде берілді. Бірақ КДП-ның Касем бастаған Ирак 
Компартиясынан кейінгі екінші ірі партия болуы Касем билігін ойландырды. Және Касем 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет