Тарих история history


Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
sciPaper168382

Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері...
Серия "История. Философия". № 2(98)/2020
35
қиылысында орналасқан және халқының саны көптігіне қарамастан әлі күнге дейін өз 
тәуелсіз егеменді мемлекетін құра алмаған ең ірі ұлт болып табылады. Аталмыш 4 мемлекет 
те егемен мемлекет болып қалыптасқан соң ұзақ жылдар бойы күрділерді жеке ұлт ретіндегі 
статусын мойындамай, үздіксіз дискриминация мен ассимилияция саясатын жүргізе отырып, 
күрді ұлт-азаттық қозғалысын үздіксіз басумен болды. Соның ішінде, тек Ирак күрділерінде 
ғана басқа 3 мемлекетте (Түркия, Иран, Сирия) қоныстанған күрділерден бөлек егеменді 
мемлекет құру мүмкіндігі жоғарылады, Бұл әрине 2003 жылы АҚШ және оның 
одақтастырының Ирак территориясын басып кіруімен, Ирактағы Саддам Хусейн үкіметінің 
құлауымен және АҚШ-Ирак соғысы қорытындысы бойынша Ирактың унитарлы 
мемлекеттен федеративті мемлекет формасына ауысуына орай Ирактағы Күрді 
Автономиялық Аймақтың (ИКАА) құрылуымен тығыз байланысты болды. ИКАА-ның 
құрылуы Ирак күрділеріне ғасырлар бойы жүргізіліп келген мақсаттың біршама 
орындалғанын көрсетті. Әйтсе де, 2014 жылы Иракта пайда болған Ирак және Шам Ислам 
мемлекеті (ИШИМ/ДАИШ) мен елде орын алған хаос жағдайы мен Ирактың мемлекет 
ретіндегі өз функциясын орындай алмауы Ирак күрділерінің егемендік мемлекет құрудағы 
сецессионистік қозғалысын қайта жандандыруына әкеліп соқты. Осыған байланысты 2017 
жылы 25 қыркүйекте ИКАА аумағында жаңа күрді мемлекетін құруға қатысты ирак 
күрділерінің ұлттық референдумы болып өтті. Референдум нәтижесі бойынша ирак 
күрділерінің 92,73 пайызы жаңа егеменді мемлекет құруды қолдайтындығын білдіріп дауыс 
берді [5]. Дегенмен Ирак күрділерінің жаңа мемлекет құру жобасы жүзеге аспады. Ирак 
мемлекеттік қорғаныс күштері мен Иранның ерікті қарулы күші «Аш-Шабаб» біріге отырып, 
2 күнде ИКАА аумағын қарусыздандырып, автономиялық аумақты өз бақылауына алды. 
Соның нәтижесінде Ирак күрділерінің жаңа мемлекет құру қозғалысы сәтсіздікпен аяқталды. 
Осылайша Ирак күрділерінің тәуелсіз егеменді мемлекет құрудағы сецессионистік 
қозғалысы неліктен сәтсіздікпен аяқталды? Ары қарай, Ирак күрділерінің сецессионистік 
қозғалысы қандай бағытта жүзеге асты? Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысы 
мемлекеттік және Таяу Шығыс аймағы деңгейінде қалай жүзеге асты? Бұл зерттеудің 
мақсаты осы жоғарыда аталған сұрақтар негізінде Ирак күрділерінің егемендік мемлекет 
құруға арналған сецессионистік қозғалысының сәтсіздікке ұшырау себептерін табуды және 
сецессионистік қозғалысының қандай ерекшелікке ие болғандығын, оның шектеуліктері 
қалай болғандығын табуды көздейді. 
 
II.
 
Тұжырымдамаларық негіз 
1.
 
Ілгерідегі зерттеуге шолу 
Күрділерге қатысты ілгерідегі зерттеулер XIX ғасырдың екінші жартысынан бастып 
жүзеге аса бастады. Колониялық жүйенің кең дамуына қарай алпауыт державалар 
колониалды территорияларды барлау және игеру мақсатында көптеген этнографтар мен 
географтарды ғылыми экспедицияларды ұйымдастырып, «жаңа аймақтарға» қатысты 
ақпараттар мен жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілігі, дәстүрін, болмысын зерттеуге ат 
салысты. Бір жағыннан бұл потенциалды отарлау аймақтарын игеруге септігін тигізді. А.Д. 
Джаба, В.П. Никитин, Э.Б. Суон, С.Дж. Эдмонс, Р. Леско сияқты ғалымдар осы Британ 
Империясы, Ресей Империясы, Францияның отарлау мақсатында Таяу Шығысқа, соның 
ішінде күрділерді зерттеуге бағыттаған ғалымдар санатына кіреді [6]. 
Күрділерге қатысты зерттеулер XX ғасырдың екінші жартысынан бастап белсенді 
түрде жүзеге аса бастады. Париж, Лондон ғылым акадамеияларында Таяу Шығыс 
институттары құрылып, соның ішінде Ирантану және Күрдітану бөлімшелері ашыла бастады. 
Бұл кезеңдегі зерттеулер XX ғасырдың бірінші жартысына дейін трендте болған 
классикалық этнографиялық антропологиялық зерттеу шеңберінен шыққандығымен 
ерекшелінеді. Бұл кезеңдегі зерттеулер негізінен саяси қозғалыстар, соның ішінде азшыл 
ұлттардың әлеуметтік-саяси-мәдени теңдік мәселелеріне негізделді. Осы тұста күрділердің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет