Тарих история history


Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
sciPaper168382

Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері...
Серия "История. Философия". № 2(98)/2020
37
аяқталған сецессионистік қозғалысқа мысал ретінде Норвегияның Даниядан бөлінуі
Бангладештің Пакистаннан бөлінуі, КСРО-дан 15 республиканың бөлінуі, Югославиядан 7 
мемлекеттің (Хорватия, Босния және Герцеговина, Словения, Черногория, Сербия, Косово, 
Македония) бөліну сияқты кэйстерді көрсетуге болады.
Сецессионистік қозғалыстың негізінде жоғарыда айтып кеткендей «ұлтшылдық 
(национализм) және «ұлттық өзін-өзі айқындау» принциптері жатады. Ұлтшылдық идеясы 
белгілі бір ұлттың болмысы мен мүддесін, біртұтастығының сақталуы мен дамуын меңзесе, 
«ұлттық өзін-өзі айқындау» принципі белгілі бір ұлттың тағдырына қатысты өзге субъекттің 
қатысынсыз өздері шешім қабылдайтын құқықты меңзейді.
Андерсонға сүйенсек, сецессияның екі түрі бар. Біріншісі келісілген сецессия 
(consensual secession), ал, екіншісі – бір жақты сецессия (unilateral secession). Келісілген 
сецессия бөлінуші топ пен тиісті мемлекет арасындағы өзара келісіммен жүзеге асатын 
сецессия құбылысын білдіреді [11]. Келісілген сецессия ішінара конституциялық сецессия 
(constitutional secession) және саяси келісілген сецессия (politically negotiated secession) болып 
екіге бөлінеді. Конституциялық сецессия деп белгілі бір мемлекеттің конституциясында сол 
мемлекетті құрайтын ұлттарға арнайы сецессиялық құқығы бекітіледі. Яғни, егер мемлекет 
өзін құрайтын ұлттардың саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық қауіпсіздігі мен 
құқықтарын қамтамасыз ете алмаған жағдайда сол мемлекетті құрайтын кез-келген ұлттық 
топ сецессиялық құқығын алға тартып, мемлекеттен бөліне алады. Бұл жағдайда екі тарапқа 
да күш қолдануға немесе шиеленіскен жанжал мен қақтығысты жүзеге асыруға орын 
қалмайды. Оған мысал ретінде КСРО-ны алуға болады. КСРО-ның 1977 жылғы 
Конституциясынының 72-бабында «КСРО-ны құрайтын әр Кеңестік Республикалар өз 
еркімен КСРО құрамынан шығуға құқығы бар» деп көрсетілген [12]. Саяси келісілген 
сецессия – мемлекет мен бөлінуші топ арасындағы өзара келісім арқылы жүзеге асатын, екі 
тарапқа да күш қолдануды қажет етпейтін сецессияны білдіреді [13]. 
Андерсон ұсынған сецессияның екінші түрі – бір жақты сецессия деп аталады. Бір 
жақты сецессия деп – бөлінуші топ тиісті мемлекеттің келісуінсіз өз еркімен бөліне тәуелсіз 
саяси субъект болатын құбылысты білдіреді [11]. Бір жақты сецессия – көбіне екі тараптан да 
шиеленіскен жанжал мен қарулы қақтығыстарды келтіріп шығады. Белгілі бір мемлекет пен 
бөлінуші топ арасындағы жанжал келісімін таппағанда, немесе ұлттық топтың сецессияға 
қатысты арнайы құқығы мемлекеттік Конституцияда бекітілмегенде пайда болады [14]. Тіпті, 
бір жақты сецессия қозғалысы белгілі бір мемлекеттің конституциясында сецессияға 
қатысты тармақтары болғанына қарамастан пайда болуы мүмкін. Сецессия шарттары 
конституцияда бектілгеніне қарамастан, бұл шарттар бөлінуші топ тарапынан әділетсіздік 
және орындалуы қиын жұмыс деп қабылданады да, бөлінуші топ мемлекеттің рұқсатынсыз-
ақ, өз еркімен, бөлініп, тәуелсіз саяси субъект болуға әрекет жасайды. Канаданың Квебек 
провинциясы, Испаниядағы Каталония автономиялық аймақ бұған мысал бола алады.
3.
 
 «Сецессионистік қозғалыстың» пайда болуы.
Сонымен, сецессия деп белгілі бір мемлекетте қоныстанған ұлттық топ және сол 
ұлттық қоныстанған территорияның сол мемлекеттен бөлініп шығуын атасақ, ал, 
сецессионистік қозғалыс деп – бөлінуші ұлттық топтың сол сецессия процесін жүзеге 
асыруға бағытталған қимыл-әрекеті деп анықтама беруге болады. Вудқа сүйенсек, 
сецессионистік қозғалыс үдерісі 5 этаптан тұрады. Біріншіден, Вудтың ойынша, сецессия 
құбылысы кенеттен пайда болмайды. Оның туындауына көп ұлтты мемлекеттегі саяси
экономикалық, әлеуметтік, мәдени, географиялық, психологиялық факторлары әсер етеді. 
Вуд осы орайда сецессияны туғызатын 5 алғышарттарды ұсынады. 1) белгілі бір ұлттық топ 
тығыз орналасқан территорияның болуы; 2) сол ұлттық топқа тән мәдениет пен дәстүр, 
тарихи жад және діни сияқты элементтерден тұратын бірегейліктің қатаң сақталуы; 3) 
ұлттық топ қоныстанған аймаққа қатысты мемлекет тарапынан көрсетілетін экономикалық 
қолдаудағы диспропорциясы 4) ұлттық топтың мемлекеттік саясатқа қатысуының шектелуі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет