Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева 42
Вестник Карагандинского университета
Ұлыбритания Ирак Күрдістаны аумағына Ирак араб билігінің ықпалын төмендетті. Күрділер
мен араб элиталарының қақтығысы мемлекеттегі мұнай өндірісінің қауіпсіздігіне қауіп
төндіретін еді. Сондықтан Ұлыбританияға күрділер мен арабтар арасындағы территориялық
балансты сақтау маңызды болды.
Ирактағы монархия режимі кезінде, одан қала берсе әскери диктатуралық режим
кезінде, бертін келе Саддам Хуссейн режимі кезінде де Ирак Күрдістанның аумағы түбегейлі
өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек, мұнайға бай Киркук, Дияла, Саладдин аймақтары ғана
күрділер мен Ирак үкіметі тарапынан өзара иемдену құқығына тартыс аймақтарға айналды.
Оның үстіне, Ирак үкіметі 1960 жылдардан бастап осы аймақтарды қоныстанған күрділерді
күштеп қоныс аудару, орнына арабттарды қоныстандыру арқылы «аймақты арабтандыру»
саясатын белсенді жүзеге асырды. Бұл аймақтар әлі күнге дейін Ирак үкіметі мен ИКАА
арасындағы тартысты аймақ (disputed territory) болып келеді [21].
Қазіргі таңда ИКАА-ның негізгі аумағы 4 аймақтан тұрады. Олар – Дохук, Эрбиль,
Сулаймания және Халабджа.
Сурет – 3: ИКАА-ның аумағы[22]
ИКАА-ның Ирак Конституциясында бекітілген заңды түрдегі аумағының болуы Ирак
күрділерінің құрғалы жатқан дербес тәуелсіз мемлекеттің негізі бола алды.
3) Экономикалық дискриминация 2005 жылы Ирак унитарлы мемлекеттен федеративтік мемлекетке айналған ИКАА-ның
статусы Конституцияға сәйкес бекітілді. Осыған орай Ирак федералды бюджетінің 17%
ИКАА-ның еншісіне берілуі тиіс болды. Сонымен қоса, Ирак федералды Конституциясының
112-бабы ИКАА территориясындағы мұнай және табиғи қазба-байлықтарды игеру жергілікті
басқару органдарына тапсырылатындығын нұсқайды. Ал, Ирак Үкіметі ИКАА Ирактың
субъекті болғандықтан жергілікті қазба-байлықтарды игеру мен одан түскен пайда Ирак
мемлекетіне тиесілі деп талап етті. Бағдад режимі де, ИКАА да Ирак Күрдістандағы
мұнайды біржақты игеру, өндіру және экспорттау ИКАА-ның экономикалық қуаттылығы
мен дербестігін күшейтетіндігін жақсы білді. Нәтижесінде екі тарап өз позицияларын
күшейтуге ұмтылды, осыған сәйкес екі жақта да табиғи ресурстарға қатысты
келіспеушіліктер мен қайшылықтарды кеңейтті. Бұл қайшылық Ирак конституциясының
жергілікті билік органдарының мұнай мен табиғи газды дамытудағы рөлі туралы
түсініксіздігімен күрделене түседі.
2007 жылы Ирак Үкімет мұнай мен газ туралы ұлттық заң қабылдауға тырысты, бірақ
бұл ұсыныс ИКАА тарапынан қарсылыққа ұшырап, сәтсіз аяқталды. Керісінше, сол жылы
ИКАА жергілікті парламент арқылы өз аумағында табиғи ресурстарды дербес игеруге