Тарих история history


Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
sciPaper168382

Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева
38 
Вестник Карагандинского университета 
мен оқшаулануы – жан-жақты дискриминацияға ұшырауы 5) ұлттық топтың бірегейлігі мен 
қауіпсіздігінің сақталуына мемлекет тарапынан қауіптің төнуі. Вудқа сүйенсек, аталмыш осы 
алғышарттар сецессионистік қозғалыстың бастамасы бола алады.
Екіншіден, осы 5 алғышарттар негізінде сецессия қозғалысы туады. Сецессионистік 
қозғалысы жүзеге асуы үшін сецессионистік топтың ішінара белгілі бір идеологиясы, 
лидерлік элитасы, ұйымдасу қабілеті(ұйымдар, қауымдастықтар) болу керек. Вуд бұл жерде 
сецессионистік топтың басты идеологиясы ретінде ұлтшылдықты (национализм) алға 
тартады. Сецессионистік топ өз ұлтына негізделе құрылған мемлекет олардың мүдделері мен 
қауіпсіздігін, еркін дамуын қамтамасыз ете алады деп сенеді. Сецессионистік топтың 
лидерлік элитасы функциясы өте маңызды болып табылады. Сецессионистік топтың 
лидерлік элитасы – сецессия үдерісін ұйымдастыру, стратегиясын құру, құрылатын жаңа 
мемлекеттің имиджін қалыптастыру, құрылатын мемлекеттің халықаралық аренадағы 
легитимділігін қамтамасыз ету, бөлініп тәуелсіздік алуға қатысты тиісті мемлекетпен 
келіссөз жүргізу қызметтерін өз мойнына алады. Идеология мен лидерлік элита қалыптасқан 
жағдайда сецессионистік топ белгілі бір ұйымға (партия, қозғалыс) біріге алады. Жүйелі 
түрде қалыптасқан сецессионистік топтың ұйымы сецессионистік қозғалыстың жүйелі әрі 
жемісті әрекет етуіне позитивті әсер етеді. 
Үшіншіден, сецессионистік қозғалысқа қатысты тиісті мемлекеттің реакциялық әрекеті 
маңызды рөл ойнайды. Тиісті мемлекет өз территориясында пайда болған сецессионистік 
қозғалысқа қатысты реакциясы сецессионистік қозғалыстың нәтижелі/нәтижесіз жүзеге 
асуының негізгі кепілі болады. Халықаралық сецессионистік жағдайлардың тәжірибесіне 
сүйенсек, тиісті мемлекетке сецессионистік қозғалысқа қатысты туындаған жанжалды 
шешуге қатысты екі түрлі жол бар. Бірінші жолы – ассимиляциялық саяси стратегияға 
негізделген қысым көрсету және күш қолдану арқылы сецессионистік қозғалысты басып-
жаншу әрекеті болып табылады. Екінші жолы – мемлекеттік конституция мен мемлекеттің 
басқару формасын реформа жасау арқылы сецессионистік топ немесе ұлтқа қатысты 
кеңейтілген құзіреттер мен статустар беру (автономия) арқылы жанжалды тоқтату арқылы 
жүзеге асады. Тиісті мемлекет бірінші жолды жүзеге асырғанда мемлекет пен сецессионистік 
топ арасындағы қарым-қатынас ушығып, қақтығыстар күшейе түседі. Сецессионистік 
қозғалыс мемлекет күшімен басып-жаншылғанымен, бұл жанжал және қақтығыстарды 
түбегейлі тоқтата алмайды. Ал, екінші жол – қазіргі таңда халықаралық қауымдастық 
тарапынан қолдауға ие бола алатын «ең тиімді» жол болып табылады.
Төртіншіден, сецессионистік қозғалысты алға тарту және халықаралық қауымдастыққа 
білдіру стратегиясы болып табылады. Сецессионистік топ бөліну-тәуелсіздік алу ниетін 
ресми түрде жариялап, тиісті мемлекет тарапынан жасалынып жатқан күштеп ассимилияция 
саясаты мен құқық бұзушылықтарды халықаралық қауымдастық алдында көрсетуге 
тырысады. Сол арқылы халықаралық қауымастықтың – үшінші тараптың сецессионистік 
жанжалға араласуын, жанжалдың шешімін өздерінің мүддесіне сай шешілуіне ықпал жасауға 
әрекет етеді.
Бесінші этап – қарулы қақтығыс жасау арқылы сецессионистік қозғалысты жүзеге 
асыруға ұмтылу болып табылады. Вуд бұл этапты – «жаппай соғыс (all-out war)», - деп атады. 
Сецессионситік қозғалыс тиісті мемлекет пен өзара келіссөз барысында, немесе қарулы 
қақтығыс барысындар өзінің күшін және позициясын әлсіретіп алса, сецессионистік топ үшін 
жағдаяттың нәтижесі жағымсыз көрсеткішпен аяқталады. Сондықтан сецессионистік топ 
үшін жағдаятты өз мүддесіне сай бақылауда ұстау өте маңызды. Қарулы қақтығыс немесе 
соғыс арқылы жүргізілген сецессионистік қозғалыстың нәтижелі/нәтижесіз аяқталуына 
қатысты әсер ететін екі түрлі элемент ең маңыздысы болып табылады. Біріншіден, тиісті 
мемлекеттің әскери күші және саяси стратегиясының жүйелілігі үлкен рөл ойнайды. Тиісті 
мемлекеттің әскери әлеуеті мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен біртұстастығын қамтамасыз 
етуге жететін болса, бұл сецессионистік қозғалыстың көп жағдайда сәтсіз жүзеге асуының 
кепілі болып табылады. Екіншіден, сыртқы күштердің – үшінші тараптың қақтығысқа 
араласуы/араласпауы сецессионистік қозғалыстың сәтті/сәтсіз аяқталуына әсер етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет