«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет35/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді 
 Парламент Сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы
Әли Бектаевпен сұхбат 
 
-
Қазіргі таңда отбасы құндылықтарының төмендеп бара жатқандығы жиі 
айтылады. Сіздің ойыңызша, ол неден байқалады?
-
Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары 
құлдырауға ұшырап бара жатқаны – ащы да болса, ақиқат. Қазіргі уақытта 
өмірге келген біздің балаларымыздың кіндігін кім кеспей жүр, бұрын жерге 
ғана көмілетін сол кіндік қайда қалмай жатыр?! Басқасын айтпағанда, 
ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сəтін қай жер болса, 
сол жерде ысырапшылдықпен өткізуіміз қай атадан қалған дəстүрімізде бар 
еді?! Өкініштісі, той өткізу бəсекеге айналып, құдалық даңғазалыққа ұласып 
бара жатыр. Сол қыруар шығынның үйленген жастардың бақытына емес
бақталастығына айналып, ақыры жақсылыққа апармай жатқандығын да көріп 
жүрміз. Бұған дəлел ретінде неке құрған жас отбасылардың арасындағы 
кикілжіңнің осы қаржы мəселесінен туындайтыны анықталып отыр. 
-
Статистикалық көрсеткіш бойынша, Қазақстанда неке құрған əр үш 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
36 
отбасының біреуінің шаңырағы шайқалады екен. Бұл проблема қалалық 
жерлерде 40 пайызды құраса, ауылдық жерлердегі деңгейі 27 пайызға жеткен. 
Мұндай келеңсіздіктің 40 пайызы алғашқы бес жылда орын алатындығы да 
ойландырады. Соңғы бес жылда еліміздегі мұндай фактілердің саны көбейген.
- Қазіргі таңдағы қыз балалардың тəрбиесіне көзқарасыңыз?
- Отбасы құндылығы дегенде, алдымен, қыз бала тəрбиесі ойға оралады. 
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Баланың тағдыры анасына тікелей байланысты. 
Соңғы кезде тастанды бала мəселесі аз қозғалып жүрген жоқ. Олай дейтініміз, 
статистикаға сүйенсек, бүгінде балалар үйіндегі 436-сы тастанды балалар екен. 
Бұл – қыз балалармен қатар, қазақ жігіттерінің де азаматтық борышы мен 
əкелік жауапкершіліктен бас тартуларын көрсетеді. Бұл - адам тауқыметі ғана 
емес, нағыз қоғам тауқыметі. (237 сөз) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет