«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


Ә мәтіні: газет мақаласынан үзінді



Pdf көрінісі
бет43/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

Ә мәтіні: газет мақаласынан үзінді.
«Салт-дәстүр - ұлттық тәрбиенің негізі»
(«Алматы ақшамы»газеті 01.07.2017ж) 
 
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі 
кезеңдегі əлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді, жаңа 
дəуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді, ұлттық кодымызды сақтауды 
міндеттеді. Сол мəдениетке халықтың тілі, ділі, діні, салт-дəстүрі, əдет ғұрпы, 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
43 
музыкасы, өнері, т.б. кіреді. Бұлар ұлттық кодтың элементтері. Олай болса, 
ұлттық түп-тамырымызды, ұлттық құндылықтарымыздың бірі – ата-баба-
мыздан келе жатқан дəстүріміздің озық үлгілерін атадан балаға мирас етіп 
жеткізу керек. Дəстүр – ұлтқа рух беріп, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп 
көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Дəстүр – адамдардың ғасырлар бойы 
қалыптастырған құндылығы, əлеуметтік-мəдени мұрасы. Әдет-ғұрып, салт-дəс-
түрлер арқылы халық өзін-өзі тəрбиелеп, стандарттап отырады. Олар қоғам-
ның, отбасының барлық саласында көрініс табады. Дəстүріміз бұзылса, онда 
қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады. Әрине, дəстүр қатып 
қалған өзгеріске түспейтін құбылыс емес. Ұлттық кодымызды сақтау үшін 
дəстүрдің озық үлгілерін насихаттап, ұлттық тəрбиеміздің іргетасы етіп 
тұрақтандырумыз керек. Қазақ тұрмысында ұрпақты қоғамға, отбасына 
бейімдеп, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ержүректілікке, имандылыққа 
тəрбиелейтін əдет-ғұрып, салт-дəстүріміз жеткілікті.
 
Ерте кезеңнен-ақ ата-бабаларымыз бала, ұрпақ тəрбиесіне көп көңіл 
бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, 
мейірімділікке, ізеттілікке баулыған. «Тəрбие – тал бесіктен басталады», «Ұяда 
не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөзді жадына əбден тоқыған. 
Сондықтан да ата-бабаларымыздың өмір тəжірибесімен қалыптасқан əдет-
ғұрып, салт-дəстүрлерімізді ұлттық кодымыздың анықтаушы бір элементі 
ретінде қоғамдық, отбасылық іс-əрекетімізде, тұрмыс-салтымызда ұстануымыз 
керек. Себебі, ұлттық əдет ғұрып, салт- дəстүрлер арқылы – қазақ халқының 
өзіндік дəстүрлерін бойына сіңіре білетін, салт-дəстүрлерімізді ұғына білетін, 
оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра білетін, ұлттық рухпен қаруланған тұлғаны 
қалыптастыруға мүмкіншілік аламыз. (227сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет