Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Баланы жалғызсыратпау
Қазіргі өмір қат-қабат шаруаға толы. Көп балалардың ата-əжесі жоқ, əке-
шешелері таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Сол себепті өте жастары күндіз
балабақшада, мектеп жасындағылар сабақтан соң үйде жалғыз қалып, өмір
сүруде. Жасыратыны жоқ, жұмысбасты ата-аналардың кешкі, түнгі
демалысында да баласына тиісінше назар аударуларына уақыты, мұршасы
жетпейді. Содан көп бала өз бөлмесінде өзімен өзі ойнайды, жалғыз отырады.
Олардың ас дайындап, кір жуып, үй жинап жатқан анасынан сұраған сауалына
да алып жатқан жауабы мардымсыз. Яғни, көп ата-ана жұмыстан кейін де жас
баласымен отырып əңгімелеспейді, оларды ешнəрсеге үйретпейді, ойнатпайды,
ертегі айтып бермейді. Жас баланың жүрегі таза айна тəрізді. Ол алдында
тұрған, өзі көрген нəрсені, жағдайды тез қабылдайды, жақсы, жаманның не
екенін өз бетінше айыра алмайды.
Шығыс ойшылдары балалардың қателік жасауларына рұхсат ету керек, -
дейді. Себебі, қателескен сайын балалардың тəжірибесі арта түсетін көрінеді.
Қателесу, оны түзету үстінде балалар өздерінің қолынан қандай істердің
келетінін де түсініп, басқалардың көмегіне мұқтаж болмай өседі. Тек, баланың
қате қылығын тыйған кезде оның орнына басқа бір дұрыс қылықты көрсету,
үйрету қажет. Ойнағанда да, бір нəрсемен шұғылданғанда да осы қағида ата-
анасының есінде болса, нұр үстіне нұр жауады. Балалық қызығушылық көп
қателіктерге ұрындыратындықтан, ол үшін жазаламай, керісінше, оған талдау
жасалып, дұрыс бағасы беріліп отырса, қажет кезінде қателігін қайталай
бермеуі үшін баланы жазалап қойса да артық емес. Алайда кешірім, өте жиі
жазалау шектен тыс болмасын.
Елінің сүйікті перзенті етіп ұл-қызын өсіргісі келген ата-ана ең əуелі
балаларын еңбекке баулуға, қалаған ісін үйретуге, түсінбеген мəселелерін
ұқтыруға тиісті. Ол үлкен төзімділікті талап етеді. Еңбекке баулу балалардың
жас шағынан басталатын болғандықтан, оларға берілетін тапсырмалар:
қоқысты шығару, дүкеннен нан əкелу тəрізді бірсарынды болмасын.
Жасөспірім үйдегі бір жұмыста көмектесуге ниет танытса, қолынан қақпаңыз,
тиым салмаңыз. Жеткіншек атқаратын шаруа, жұмыс əртүрлі, қызықты болса,
|