«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
45
оның еңбекке баулуда пайдасы зор. Әсіресе, əрбір оқушының күн тəртібінің
кестесі болуға тиіс. Бұл баланы жауапкершілік пен тəртіпке үйретеді, жақсы
тынығуына жəрдемдеседі.
Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не
көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тəрбиесіне отбасында өмірге
келген күнінен бастап айрықша мəн берейік. (213 сөз)
18-тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, "Биотехнология
жетістіктері адамзатқа не береді?" деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20]
А мәтіні
Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
Өсімдік майларын əртүрлі өсімдіктерден алуға болады. Бізге белгілі
зығыр, күнбағыс, күнжұт, арахис, мақсары, кокос жаңғағы сияқты майлы
өсімдіктерден басқа да экзотикалық: джоджоба, гваюла, рапс, эквалипт,
копайба, малмейро, бобассо жаңғақтары сияқты көптеген өсімдіктер болады.
Осы өсімдіктерден алынатын майлар көптеген мемлекеттерде кеңінен
пайдаланылады. Алайда бұл өсімдіктерден алынатын майларды энергия көздері
ретінде пайдалану үшін, оларды өндіруге кеткен шығынды есептеу қажет.
Егерде бір литр май өндіру үшін екі литр жанар-жағар майы шығындалатын
болса, оның тиімділігі болмайтыны белгілі. Мұнда осы мақсатта қандайда бір
өсімдіктерді өсірудің негізгі бағамы (критерийі) ретінде, олардың өнімділік
көрсеткіштері, яғни бір гектардан алынатын май мөлшері мен оған кеткен
шығын көлемі есептелінеді. Өндірісте пальма ағашы майынан алынатын жанар-
жағар майы, қант немесе құрамында крахмалы көп өсімдіктерді өңдеу арқылы
алынатын этил спиртінен дайындалған өнімдерден анағұрлым артық келеді.
Атап айтар болсақ, пальмадан майды жыл бойына алуға болады, майды алу
технологиясы өте оңай, қоршаған ортаға зияны жоқ жəне қалдықтарынан
құрамында ақуызға өте бай малазықтық жем өндіріледі. Өндірісте неғұрлым
осы мақсатта өсірілетін өнім толықтай пайдаға асса, солғұрлым оны өсіру
тиімді болатыны белгілі. Өсімдік майларын таза күйінде де немесе жанар-жағар
майларға қосынды ретінде де пайдалануға болады. Бірақ та, егер бұл майларды
этил немесе метил эфирлеріне дейін өңдеп пайдаланса, олардың тиімділігі
жоғарылап, машинаның пайдалану ұзақтығының артатыны анықталған. Сол
себептен өсімдіктер құрамындағы қанттарды микробиологиялық жолмен өңдеп,
олардан этил спиртін дайындау бүгінгі күндегі өндірістік жолмен жанар-жағар
май дайындаудың негізгі көзі болып табылады. (220 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |