- 68 -
дәметпейді.
Олай болса, мұнан «біреуге жақсылық етсең, ол
жақсылығыңды ешкімге міндет етпе» деген ақыл болады.
Жолаушыңы үшіншісі – көркем жас жігіт үндемей тұрды.
Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрайды. Жігіт айтты:
-
Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді. Бұл бұлақтың суы бір
орында
тыныш тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған
адамнан гөрі айуан ынтық болар еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып,
тазаланып тұрғаны үшін бұған адам ынтық. Олай болса, бұл
жазудың мағынасы мынау:
көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза
сақта. Бұлаққа қарасаң, күн түссе, күннің, шөп түссе,
шөптің
сәулесін көреміз. Ендеше, көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп
тұрсын дегені ғой деймін, - депті.
(261 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: