- 71 -
Адам сұрайды:
-
Оны қайтесің?
-
Кейінге сақтаймын, дейді құмырсқа
Адам:
-
Көп жинайсың ба? – деп сұрайды
-
Құмырсқа өз шаруасының жайын былайша баяндайды:
-
Жаздай
жұмыс істеп, жейтін азығымды жинаймын да,
қыстыгүні қапннен қаперсіз тынығып жатамын.
Данышпан құмырсқаны шыр айналдыра қарай бастайды:
-
Басың неге үлкен?
-
Аз сөйлеп, көп ойлаймын.
-
Белің неге қылдырықтай?
-
Қомағай емеспін.
-
Жылына қанша дән жейсің?
-
Бір дән жеймін...
-
Соған қанағат етесің бе?
-
Одан көп жей берсем жер бетіндегі басқа құмырсқалар аш
қалмай ма? Қанағат керек қой!
Құмырсқаның ақылына, қанағатына, көрегендігіне сүйсінген
данышпан оны сынап көрмек болады. Қорапқа бір дән салады да,
құмырсқаны соған қоса қамайды. Сонан соң су тимейтін бір жайлы
жерге орналастырады.
-
Бір жылдан кейін келемін. Дәнің бар жейтін, қамсыз жата бер,-
дейді данышпан құмырсқаға ескертіп.
Осылайша құмырсқаның
азықты қалай үнемдейтінін білгісі келеді. Бір жыл өткен соң әлгі
данышпан құмырсқағақайта оралады. Өзі қойып кеткен жерден
қорапты тауып алады. Құмырсқаның
өлі-тірісін білмек болып,
қорапты ашады. Қараса, құмырсқа тірі екен.
Қасына қалдырған дәннің жартысын ғана жепті. Бұған
таңданған данышпан:
-
Ей құмырсқа, -депті себебін білмек ниетпен. –сен жылына бір
дән жеймін деп едің ғой. Мына дәнді неге түгел жемей, жартысын
қалдырғансың?
Сондақұмырсқа былай депті:
-
Айтқаның дұрыс, ал сен болсаң мені қорапқа салып,
қамап
кеттің. Сыртқа шыға алмаймын. Егер сен мені бұл қамаудан
босатуды ұмытып кетсең, тағы да бір жыл қамауда жататын едім. Бір
дәнді түгел жеп қойсам, аштан өлетін едім.
Соны ойлап, қанағат
еттім.
- 72 -
Данышпан оның шыдамдылығы мен тастай берік қанағатына
қайран қалыпты. Оны қамап
кеткенінің қиянат болғанын, азапқа
салғанын енді түсініп:
-
Менің істегенім дұрыс болмапты, кешір, - депті де, қамаудан
құмырсқаны босатып жіберген екен.
Содан кейін данышпан қанағаттың
қасиетін адам баласына
үйретіпті.
Ы. Алтынсарин
(313 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: