- 3 -
Мәнерлеп оқуын бағалау кезінде сөздің анықтылығына, нақытылығына, кідірістің
сақталуына, логикалық екпіннің қойылуына, тиісті дауыс ырғағына келтіріп оқи білуіне,
диалогтардың дұрыс оқылуына мән беру керек. Мәнерлеп оқу – оқудың ең жоғарғы түрі.
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім сабақ үстінде
төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отыруы тиіс:
-
мәтіндегі (үзіндідегі) қай қатарларды дауыстап, қуанышты, ал қай қатарларды
қалыпты жағдайда, жай, мұңды оқыр едің? Неге?
-
нағыз батырдың өзін қарсы алып тұрғандай болып оқуғы тырыс
-
тыңдармандарымыз біздің кейіпкерлеріміздің әрқайсысының ерекшеліктерін
аңғаратындай дәрежеде оқуға, асықпай оқуға тырыс;
-
бірнеше сөздерді топтап оқуға, әңгімедегі (аңыздағы, өлеңдегі) негізгі ойды
беретін сөйлемдерді дауыс ырғағымен бөліп оқуды үйрен және т.б.
Бастауыш мектепте іштей оқу дағдыларын қалыптастыру да көзделеді. Дауыстап оқу
арқылы материалды оқушы ғана емес, тыңдаушы да қабылдайды. Іштей үндемей оқуға тек
оқып жатқан бала қатысады, алайда түсіну, есте сақтау және оқығанын меңгеру іс-әрекеті
жақсара түседі. Іштей оқу – бұл дауыс шығармай көзбен оқу. Сыбырлап және еріндерін
жыбырлатып оқу дауыстап оқудан іштей оқуға көшу кезеңінің көрінісі болып табылады
және іштей оқуға жатпайды.
Егер іштей оқу шапшаңдығы дауыстап оқу шапшаңдығынан аспаса, онда іштей оқу
өз дәрежесінде қалыптаспаған деген сөз. Іштей оқу дауыстап оқуға қарағанда 20-40 сөзге
дейін артық жүретіні белгілі, сондықтан оқудың бұл түрін қадағалап отырудың да маңызы
зор. Мұндай тексеруді 2-сыныптан бастап жүргізген жөн.
Іштей оқуға көлемді, мазмұны жағынан қызықты, тілі анық, балаларға онша таныс
емес шығармаларды оқытқан абзал. Іштей оқуды тексеру әдісі дауыстап оқуды тексеру
әдісімен бірдей. Іштей оқу аяқталғаннан кейін оқушының мәтіннің негізгі мазмұнын
қаншалықты меңгергені тексеріледі.
Мұғалімге көмек ретінде оқу дағдысын тексеруге арналған кесте ұсынылып отыр.
Бұл кестені барлық 4 жыл көлемінде пайдаланған тиімді. Оқу дағдысын жетілдіруге
бағытталған жұмыс барысында жүйелі тексеріп қана қоймай, тексеру нәтижесін арнайы
дәптерге тіркеп, жіберілген кемшіліктерді жоюға бағытталған жеке жұмыс түрлерін
жүргізіп отыру қажет. Мұғалім тек әр жеке оқушының оқу деңгейін біліп қана қоймай,
жалпы сыныптың оқу деңгейін де білуі қажет. Сондықтан әр тексеруден кейін сынып
бойынша кесте жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: