- 25 -
-
Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз, сүйте тұра осындай бір
бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрапты.
Сонда ғалым кісі тұрып:
-
Ешбір ғылым-білім үйренбеген
кісі сонша иіліп, әдептілігін
көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған
болар еді, - депті.
(81 сөз)
3-
сынып ІІ жарты жылдық
АҚТӨС
Менің Ақтөс дейтін итім бар. Өте ақылды. Маған еркелейді.
Сабақтан келгенде шәуілдеп, қарсы алдымнан жүгіріп шығады. Мен
Ақтөсті «Ақылдым» деп атаймын. Себебі ол үйге бөтен адамды
кіргізбейді. Мені мектепке дейін шығарып салады. Міне, бұндай итті
қалай ақылды демеске.
Ұрсып алдым Ақтөске
Ұста дедім қатты еске!
Құйтың қағып бекерге,
Құйрығыңды көтерме.
Кім екенін білмесең,
Көрінгенге үрме сен.
Сиырға да үресің,
Арбаға да үресің,
Қарғаға да үресің.
Тауықтар
мен торғайға
Үрмесең де болмай ма?
Келсе Мұрат, Мұсалар,
Олар менің достарым,
Күні бойы тосқаным.
Балтеңге Шадманова
(81 сөз)
ҚОҢЫР ҚАЗ
Құстардың ішінде қоңыр қазды адам алғаш қолға үйреткен.
Жабайы қаздар үлкендігі, түр-сипаты
жағынан асыранды қаздарға
ұқсас. Балпаңдай басқанымен, олар жерде көп жүреді. Ал ұшқанда
тізбектеліп алып немесе сүйір бұрыштанып жылдам ұшады.
Суда олар денесінің артқы жағын,
құйрығын жоғары көтеріп
отырады. Өте сақ. Қаздар біздің елге сәуір айында келіп,
ұясын
- 26 -
жұптасып салады. Ұясына үйінді қамыс, шөптерді пайдаланады.
Үстіне үлпілдек қауырсындар төсейді. Мамыр айында мекиені сары
түсті 4-6 жұмыртқа тауып, оны апта бойы басып жатады. Ал ата қаз
оның маңайында жүріп, қауіп-қатерден сақтайды.
(83 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: