Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

ӘБУНАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ 
Әбунасыр әл-Фараби – Орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті
ғалым, ірі ғылыми зерттеулер жүргізген данышпан. 
Философия, медицина, математика, музыка салалары
бойынша қыруар ғылыми талдаулар жасаған. Ғалымның ғылыми
еңбектерін кейінгі ғұламалар өнеге тұтқан. 
Фараби шығармаларының біздің заманымызға жеткені
қырық шақты. Бүгінгі жаһандану дәуірінде де ғалымның ғылыми
еңбектерінің маңызы зор. Бұлар әлемнің әр тараптағы елдерінің
кітапханаларында сақталған және бірталай тілге аударылған.
Қазақ ғалымдары зерттеулер жүргізу нәтижесінде ұлы 
бабамыздың шығармаларын қазақ тіліне аударып, том-том кітап
етіп шығарды. Ұрпақтардың Әбунасыр Әл-Фарабиді оқып-білуіне 
жол ашты .
(Ол кім? Бұл не?) 
(82 сөз)
 
 
 
 
СИЛИНЧИ ХАНЫМ 
Қытай жұртында Силинчи деген бір әйел жібек құрттарын 
абайлап, қарап жүрсе, құрттар өлерінде өзінің өрмегіне кіріп өледі 
екен. Силинчи сол өрмекті алып, ширатып жіп еседі. Одан жібек 
орамал тоқиды.
Сол құртқа назар салып қарап жүрсе, тұт деген ағаштың 
жапырағын жеп күн көреді екен. Силинчи тұт ағашының жапырағын 
жиып, әлгіндей көп құрт жиып асырап, ақырында, бұл құрттың 
пайдасын халқына үйретіпті. Жібектің шығатын орнын ең әуелі сол 
кісі тауыпты-мыс. 
Қазір сол Силинчидің өткеніне бес мың жылдай болыпты. Қытай 
жұрты әлі күнге силинчи ханымның сол ісін ұмытпайды.
Л.Толстой 


 
- 27 - 
(85 сөз) 
 
 
 
 
 
АУРУДАН АЯНҒАН КҮШТІРЕК
 
Сейіт жол үстінде жүгіріп бара жатып, бір арбаға келіп 
аңғарусыз соғып кетіп, аяғын сындырып алыпты. Ойбайлап жылап 
жатқан баласын көріп, шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. 
Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып, 
таңып жатқанда да дыбысын шығармапты, қабағын да шытпапты. 
Сонда сынықшы кісі: 
-
Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың, - деп сұрапты. 
Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап: 
-
Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп жатыр, бірақ менің 
жанымның қиналғанын көрсе, шешемнің жаны онан жаман қинала 
ма деп сабырлылық қылып шыдап жатырмын, - депті.
(85 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет