Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет16/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
 
 
 
 
 
 
 
АҚ ТИІН МЕН ҚАСҚЫР 
Ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан 
қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны ұстап алады. 
-
Мені жеме, жібер! – деп жалынады ақ тиін. 
-
Жарайды, жіберейін. Бірақ сен мынаған жауап берші: неліктен 
сендер әр уақытты шат болып жүресіңдер? 
Сонда ақ тиін: 
-
Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын. Әйтпесе жүрегім дірілдеп 
сөйлей алатын емеспін, - дейді. 
Қасқыр оны босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып: 
-
Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады
сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық 
істемейміз, сол үшін де әр уақытта уайым-қайғысыз, шат болып 
жүреміз, - депті. 
(87 сөз) 


 
- 28 - 
 
 
 
СӘМБІ ТАЛ
Сәмбі талды інжу тал десе де болады. Біртүрлі мұңайып сізбен 
сырласқысы келетіндей. Мұңын шаққысы келетіндей. Сәмбі талдың 
тұқымы осында қалады. Ол сазды жерге бітеді. Көп жуандамайды. 
Әрі кетсе білектің жуандығындай болады. Бір тамырдан топтанып, 
шоқтанып алтау-жетеу, одан да көп шыбық тарайды. Жан-жағына 
көп бұтақ жаймайды. Сыптай болып түзу өседі. Өзі солқылдақ та 
иілгіш келеді. Киіз үйдің сүйегі осы сәмбі талдан жасалады. 
Апыр-ай, табиғат ана шебер-ақ қой! Төрт түлік малдың 
қамымен көшіп-қонып жүрген қазаққа киіз үйдің сүйегіне арнап дап-
дайын сәмбі талды өсіруін қарашы! Кереге, уық, шаңырақ 
дегендерге таптырмайды. 
( 90 сөз) 

ЕҢБЕКҚОРДЫҢ ЕСЕСІ ТҮГЕЛ 
Бай мен кедей көрші болыпты. Кедей еңбекқор екен. Үйінің 
жанына мал қора салудан қолы босамапты. Қора болғанда қандай. 
Жып-жылы. 
- Осы сенің есің ауысқан ба? – деп күліпті достары. – Қора салғаның 
не? Малың сыймай бара жатыр ма? 
Кедей миығынан күліпті де қойыпты. 
Сол жылы қыс өте қатты болады. Көрші байдың мыңғырған 
малы суықтан қырыла бастайды. 
Ол еңіреп кедейге келеді де: 
- Малдарым қораңда қыстап шықсыншы. Аман шықса, көктемгі 
төлдері сенікі, - дейді. 
Кедей байдың сөзіне келіседі. Сөйтіп, көктем шыға оның 
қорасы малға толып шыға келіпті.
«Қайратты ерге бақ тұрар», «Еңбекқордың есесі түгел» деген 
мақалдар осындай еңбекқор адамдарға байланысты айтылған болса 
керек.
(98 сөз) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет