Бастауыш сынып


НЕЛІКТЕН БҰҒЫ МҮЙІЗІН ТАСТАЙДЫ?



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

НЕЛІКТЕН БҰҒЫ МҮЙІЗІН ТАСТАЙДЫ
Бұғы – көру қабілеті жоғары, есту және сезу функциялары 
қатерлі қауіпті жылдам сезетін жануар. Ол мүк, суда өсетін 
өсімдіктер, ағаштың қабығы және бүрлерімен қоректенеді. Бұғының 
ең негізгі ерекшелігі – мүйізі, оның іші бос емес, қыс сайын бұғылар 
мүйіздерін тастап отырады.
Өмірінің алғашқы жылы бұғының маңдайында кішігірім ғана 
екі томпақ мүйіздің «бастамасы» пайда болады. Көктемде олардан 
мүйіз шығып, жаз бойы өседі. Мүйіз өскен сайын сезімтал «бархат» 
деп аталатын терімен қапталады, оның үстінен мүйізді 
қоректендіретін және сүйегін қатайтатын қан тамырлары өтеді. 
Мүйіз толығымен өскенде қан айналымы тоқталып, оның 
бастамасында сақиналар пайда болады. Содан кейін бұғының мүйізі 
құрғай бастайды да, соңында түсіп қалады. Көбінесе бұғы мүйізімен 
ағашқа сүйкеледі, бұл, әрине, оның тез түсіп қалуына әкеледі.
(108 сөз) 
Он алты қанат ақ ордада отырса да, ханның жаны жай татар 
емес. Жатса да, тұрса да құлағы түрік, ұйқысы сергек. Өзі ат жалын 
тартып мініп, сауыт кигелі жоңғар хандарымен жағаласып келеді. 
Әкесінің хандық дәуірінен бері қалмақтап ұры итше сумаңдап, елінің 


 
- 39 - 
іргесінен кіреді де, бейқам жатқан халыққа қасқырша шабады. 
Мемлекетінің іргесін бекемдеп, гүлдендіруді қанша ойласа да, жауы 
жағаласып, тыныштық бермей келеді. 
Жақында жоңғар ханының қол жинап, күш қарап жатқан 
хабарын алды. Өзінің халқына жар салып, жасақ жинай бастады. 
Жауынгерлердің шынайы сенімін жігерлендірген, рухын 
өсірген қазақ ханы ақ боз атын ойқастата самсаған қолды бастап 
ілгері жылжыды. Соңынан ерген сарбаздардың сәйгүліктері де 
жайтаңдай аяңдайды. 
Жел шайқаған жібек тулар мен жалаулар желбірей 
сусылдайды.
( Қ. Толыбаев) 
(109 сөз) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет