Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
- 34 - 
 
АТ ҚОЙҒЫШ ӘЖЕ 
Жасы алпыстан асқан әжемде бір қызық қасет бар. Атасына, 
енесіне, қайнағасымен қайнына, абысыны мен келініне, әзілі 
жарасқан құрдасына ойнақы ат ойлап таба қояды. Бұрын ауылдық 
кеңестің төрағасы болған Алдан деген атасына "Ауылнай ата" деп 
ат қойыпты. Қасқырбай атты қайнағасын "Қандыауыз қайнаға" 
дейді екен. 
Әжем өзіне еркелеп жүретін қайындарының бірін "Сұлу мұрт", 
екіншісін "Бұйра бас" деп атайды . Жеңілтек мінезді Салықбай деген 
құрдасын "Су жұқпас" дейді. 
Әжемнің кенже келінінің аты – Ақыл. Бұл енесінің аты 
болғандықтан, әжем оны "Кемеңгер келін" дейді. 
Ат қоюдан біз де құр қалмадық. Әжемнің маған қойған аты - 
"Бота". Менен үш жас үлкен ағамды "Тайлақ" деп шақырады.
(97 сөз) 
 
 
 
 
 
 
 
 
АСЫЛ ШӨП
Зылиқа мен Батима деген біреудің екі қызы төбелеріне бір-бір 
жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты. Зылиқа аһлап, 
үһлеп, шаршадым деп, жүре алмапты. Оған Батима күліп, әзілдеп 
келе жатыпты. Сонда Зылиқа Батимаға былай депті: 
-
Сен қалай мәз болып, сонша қуанып келесің. Төбеңдегі 
жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен 
күшті емессің. 
-
Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп 
салдым, - депті Батима. 
-
Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырды 
жеңілдетейін, - дейді Зылиқа. 
-
Ол шөп сенің қолыңа түспес деп қорқамын, ал ол шөпті іздегің 
келсе, ол шөптің аты «қажырлы еңбек» деген шөп, - депті Батима. 
(98 сөз) 
 


 
- 35 - 
ҚЫЗ БЕН ДАРИЯ 
Жел әлі арғы беттен еді. Толқындар жағаға бұрынғыша шылп-
шылп соғып жатты. Қыз бұрқырап аққан дарияның желді күнгі күйін 
тыңдады. Ол дария жағасында талай рет болған. Бірақ, дәл қазіргідей 
зер салып тыңдамапты. 
Дария бұған белгісіз үнмен тіл қатып жатқандай. Оның, не деп 
жатқанын да түсінді. Көңілі жақын беймаза үннен дарияның өзін 
сағынғанын, өзінің дарияны сағынғанын сезінді. 
Арғы беттен соққан жиде гүлінің иісі келді. Өзін рақат сезімге 
бөлеген жұпар ауаны Сарықыз құмарта жұтып, мейірі қанғанша 
иіскеді. «Ендігі бір келгенде Балабекті ерте келермін», - деп ойлады 
ішінен.
Қыз тәтті қиял құшағында жатып, кенет әкесін ойлады. Әкесі 
есіне түскен сәтте қолындағы жыртылған суретке қарады.
( 99 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет