Бастауыш сынып


- 37 -  ӨРМЕКШІ, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ



Pdf көрінісі
бет23/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
- 37 - 
ӨРМЕКШІ, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ
Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан 
сұрады: 
-
Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр? 
-
Көремін өрмек тоқып жүр. 
-
Анау құмырсқаны көремісің? 
-
Көремін, аузында бір нанның ұнтағы бар, жүгіріп кетіп барады! 
-
Жоғары қара, аспанда не көрінеді? 
-
Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар. 
Сонда атасы айтты: 
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған ғибрат. 
Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне 
азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның 
ұнтағын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне 
жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп 
жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай тағала 
босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек. «
Еңбек 
етсең-емерсің»
, деді. 
Ы.Алтынсарин 
(101 сөз) 
МАҚТАНШАҚ БҰҒЫ 
Ыссы күндердің бірінде әсем мүйізді бұғы бұлақтан су ішеді. 
Су бетінен өзінің дидарын көріп, көңілі тасып: 
-
Апырмай, мына мүйіз не деген әсем! Өз басыма да жақсы 
жарасыпты. Тұрпатсыз тұқыл мүйіз хайуандар қалай күндейді екен 
мені көргенде. Мұндай сымбатты мүйіз жер бетінде тағы біреуде бар 
ма екен, сірә, - депті мақтанып.
Кенеттен дабырлаған дауыстар, иттің үргені естіледі. Тазы 
еркен үш аңшы орманнан сау етіп шыға келеді. Бұғы да зыта 
жөнеледі, бірақ біраз қашқан соң, күтпеген жерде мүйізі ағаштың 
бұтағына ілініп қалады. Ары жұлқынып, бері жұлқынып, босана 
алмаған бұғыны қуып жеткен иттер тарпа бас салып, алып ұрады. 
Аңшылар жетіп келіп, бұғыны бауыздап жібереді. Сонымен теңдесіз 
сұлу мүйіздер бұғының қазасына себеп болған екен. 
(109 сөз) 
ҚАРАЖОН 


 
- 38 - 
Күн табының жылылығы молайған. Жер бетін басқан көгілжім
мұнар арасынан төбесімен аспанды тіреген ұлы таулардың
сұлбасы қарауытады. Бұл -көгілдірленіп бір қиырдан көз тарататын
ақ бас таулармен ұласып жатқан Қаражон жотасы. Сайдағы судан 
көмей алып, тау бөктерін сағалай қазылған көне арықтың, кей 
қойнаулардағы егіс атызының ізі әлі өшпеген. Бұл - ерте заманда-
ақ осы өңірде астық егіліп, бидай өсірілгенінің айғағы. 
Қаражон – қазір де бидай егілетін алқап. Қаражонның бидайы
бітік өседі. Дәндері баданадай толық. Бірде-бір кәтек дән 
кездеспейді. 
Сіреу қары босағанымен, саздауытқа ұқсап былқылдап
жатқан Қаражонның төсіне күннің көзі себілгеннен-ақ адамдар 
илеуден өрген құмырсқадай құжынай қатпайды. 
Топырақты баптап, мәпелеп егін егеді. Күз түскенде, жанына 
нәр беретін азығын жинап алады. 
( 106 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет