- 22 -
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады.
Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана
мұзсыз.
Осындай кезде шыр-шыр етіп мұз үстінде жорғалап торғай
жүреді. Ол – қайқы құйрық, кішкентай қараторғай. Торғай шолп етіп
ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жорғалап,
тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады.
Бұл қандай ғажап құс! Бұл құсты су торғай дейді. Ол қысы-
жазы бірдей жемін су түбінен табады.
(72 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: