- 15 -
Үзіліс болды. Кітапханашы
кітапханасына жаңа кітаптар
әкелді.
- Балалар, кітап тасуға көмектесіңдер, - деді кітапханашы. Біз кітап
тасуға көмектестік. Кітапхана үлкен, кең, жарық. Кітапханада кітап
көп. Қоңырау соғылды. Біз сыныпқа кірдік.
- Рахмет, балалар, - деді Гүлнәр Омарқызы.
(34 сөз)
ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
Орман аңдары да қысқа дайындалады. Ақ тиін ағаш қуысына
саңырауқұлақ тасиды. Түрлі
жемістерді жинап, кептіреді де,
қыста
жейтін азығын дайындайды. Кірпі сұр тышқан да солай.
(25 сөз)
СУЫР
Суыр – сүйкімді аң. Оның басы жалпақтау,
тұмсығы доғал
болады. Суырдың түсі сарғыш немесе сарғыштау сұр болып келеді.
Суыр әр алуан балауса шөптермен қоректенеді. Оларды терісі
мен майы үшін аулайды. Суырдың майы ем ретінде қолданылады.
«Ол кім? Бұл не?» кітабынан
(34 сөз)
БАЛТА
Мақтасаң,
мақтайық балтаны,
Жұмысқа жоқ оның жалтаңы.
Көмекке шақырып араны,
Не бір дәу дөңбекті жарады.
Ешкіммен керісіп жатпайды,
Істеген жұмысын сатпайды.
- 16 -
Сенек боп әрқашан тұрады,
Жұмысқа дап-дайын тұрады.
Нанбасаң,
балтаны алайық,
Жарысып, ағашты жарайық
Р.Тышқанбаев
(36 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: